Ст. 7 Бағалы металдар мен асыл тастар туралы Заңы 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V ҚРЗ
Бағалы металдар мен асыл тастар туралы
7-бап. Аффинирленген бағалы металдарды, бағалы металдарды, асыл тастарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын, зергерлік және басқа да бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету ерекшеліктері
Ескерту. 7-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Бағалы металдарды және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету кезінде уәкілетті орган бағалы металдар құрамы туралы құжаттар келісімшарт талаптарына және нормативтік техникалық құжаттамаға сәйкес келмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бағалы металдардың және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының сынамаларына (үлгілеріне) бақылау сынақтарын жүзеге асыруға өтінім жібереді.
2. Кедендік декларациялауға және кедендік тазартуға байланысты кедендік операциялар жасалғанға дейін асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде сараптама жүргізіледі және Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімімен белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады.
3. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерге әкету кезінде сараптама жүргізіледі және мемлекеттік бақылау жүзеге асырылады.
4. Аффинирленген бағалы металдарды, бағалы металдар мен асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуді жүзеге асыру үшін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға хабар беруге міндетті.
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.
5. Өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Кимберлий процесінің сертификаттау схемасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей