Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 8 Бағалы металдар мен асыл тастар туралы Заңы 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

Бағалы металдар мен асыл тастар туралы
8-бап. Бағалы металдарды өндіру

1. Бағалы металдардың аффинаждауға жатпайтын саф түрлерін қоспағанда, өндірілген және шығарылған бағалы металдар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары, осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, қайта өңдеу және (немесе) аффинаждау үшін бағалы металдарды өндіру субъектілеріне келіп түсуге тиіс. 

2. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге ниеті бар тұлға уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, уәкілетті орган бекітетін тізбедегі бағалы металдарды өндірудің барлық субъектілерінен тиісті бас тартуды немесе осындай бас тартудың бар екені туралы уәкілетті органның растамасын алуға міндетті. 

Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған бағалы металдарды өндіру субъектілерінің уәкілетті орган белгіленген шарттарды орындамауы да – осы тармақтың мақсатындағы бас тарту болып табылады. 

Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеуден және (немесе) аффинаждаудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылуы мүмкін: 

1) қайта өңдеудің және (немесе) аффинаждаудың технологиялық тұрғыдан мүмкін болмауы, оның ішінде құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәндерге сәйкес келмеуі; 

Бағалы металдарды өндірудің уәкілетті орган бекітетін тізбеде тұрған әрбір субъектісі қайта өңдеудің және (немесе) аффинаждаудың технологиялық мүмкіндіктеріне қарай құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының өз шекті мәндерін белгілейді; 

2) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының ұсынылатын көлемін қайта өңдеу және (немесе) аффинаждау үшін өндірістік қуаттылықтың болмауы немесе жеткіліксіз болуы; 

3) құрамында бағалы металдар бар түсті металдар кендерін, концентраттары мен күлдерін, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдерін қайта өңдеудің экономикалық тұрғыдан орынсыз болуы. 

3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларда, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

4. Қажетті қайта өңдеуден өткен бағалы металдарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде жүзеге асырылатын аффинаждау бағалы металдарға меншік құқығының ауысуына әкеп соқпайды. 

Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2021 № 62-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...6 7 8 9 10 ...15

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться