Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 22 Табиғи монополиялар туралы 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.11.2024

Табиғи монополиялар туралы
22-бап. Уәкілетті орган бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту тәртібі

1. Уәкілетті орган бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгертуге мыналар негіздер болып табылады: 

1) стратегиялық тауарлар түрінің және құнының және (немесе) мемлекеттік реттеуге жататын стратегиялық тауарларды тасымалдауға тарифтердің (бағалардың) өзгеруі;  

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төтенше жағдайдың жариялануы;  

3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер мөлшерлемелерінің өзгеруі; 

4) мемлекеттік бағдарламаларды және (немесе) ұлттық жобаларды іске асыруға байланысты бекітілген инвестициялық бағдарламаның, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының өзгеруі; 

5) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюы; 

6) жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) онымен жабдықтау жөніндегі және сумен жабдықтаудың реттеліп көрсетілетін қызметтерін ұсыну кезінде атом-энергетикалық кешен пайдаланатын, өзі өндіретін электр энергиясының және судың өзіндік құнының газдың және (немесе) оны тасымалдау бағасының өзгеруіне байланысты өзгеруі; 

7) реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа мен сенімділік көрсеткіштерінің сақталмауы; 

8) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның ақпараты негізінде электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынатын табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі; 

9) табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізбеу; 

9-1) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 10), 12) және 13) тармақшаларында көзделген реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлік өтеусіз пайдалануға алынған жағдайда оны мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға алуы; 

9-2) өңірдегі (қаладағы) экономикалық қызмет түрлері бойынша бір жұмыскердің бір жылдағы статистика деректері бойынша қалыптасқан орташа айлық номиналды жалақысының өзгеруі; 

10) табиғи монополия субъектісіне "Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Теміртау – Астана" маршруты бойынша магистральдық газ құбырын мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға беру. 

2. Осы баптың 1-тармағының 4), 5), 7), 8), 9) , 9-1), 9-2) және 10) тармақшаларында көзделген негіздерді қоспағанда, тариф қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерген жағдайда, шығындардың тиісті бабы өзгереді. 

Осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес тариф қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерген кезде бекітілген тарифтік сметадан тарифтерді қалыптастыру қағидаларында айқындалған инвестициялық шығындар (пайда, амортизациялық аударымдар, негізгі құралдар құнының өсуіне алып келетін күрделі шығындар) алып тасталады. 

3. Тарифті өзгерту уәкілетті органның бастамасы бойынша – жылына екі реттен жиілетпей, ал табиғи монополия субъектісінің бастамасы бойынша жылына бір реттен жиілетпей жүзеге асырылады. 

4. Уәкілетті орган бекіткен тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту үшін табиғи монополия субъектісі уәкілетті органға негіздейтін материалдармен қоса өтінім ұсынады. 

Уәкілетті органның тарифті қолданылу мерзімі өткенге дейін өзгерту туралы өтінімді қарау мерзімі: 

1) осы баптың 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда, оның ұсынылған күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімді; 

2) осы баптың 1-тармағының 4), 5), 6), 9-1) және 9-2) тармақшаларында көзделген жағдайларда оның ұсынылған күнінен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімді; 

3) осы баптың 1-тармағының 10) тармақшасында көзделген жағдайда, оның ұсынылған күнінен бастап тоқсан жұмыс күнінен аспайтын мерзімді құрайды. 

Тариф уәкілетті органның бастамасы бойынша өзгерген жағдайда, табиғи монополия субъектісі тиісті ақпаратты алған күннен бастап бір ай мерзімде экономикалық негізделген есеп-қисаптар мен материалдарды ұсынуға міндетті. 

5. Егер өтінімді қараған кезде қосымша ақпарат қажет болған жағдайда, уәкілетті орган оны мерзімді, бірақ кемінде бес жұмыс күнін белгілей отырып, жазбаша түрде сұратуға құқылы.  

Бұл ретте өтінімді қарау табиғи монополия субъектісін бұл жөнінде хабардар ете отырып, қажетті ақпарат алынғанға дейін тоқтатыла тұрады. 

6. Осы баптың 1-тармағына сәйкес өзгертілген тарифті қолданысқа енгізу уәкілетті орган белгілеген күннен бастап жүзеге асырылады. 

7. Осы баптың 1-тармағының 4), 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген жағдайларда тариф бекітілетін кезде уәкілетті орган ол бекітілгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жария тыңдаулар өткізеді.  

8. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда табиғи монополия субъектісі тариф қолданысқа енгізілгенге дейін күнтізбелік бес күннен кешіктірмей тұтынушыларға тарифтің, бекітілген тарифтік сметаның өзгеру себептерін көрсететін ақпаратты ұсына отырып, бұл жөнінде хабарлайды.  

Ескерту. 22-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2022 № 130-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...36

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

в каком документе указано, что родители, обучающихся в 1-4 классах, обязаны привести и забрать ребенка из рук в руки классному руководителю? подскажите


Менің жұбайым 1 топ мүгедегі мен оның қорғаншысымын. Өзім мектепте жұмыс жасаймын, жалақымнан салық ұстамайтын заң барма


Я думаю погуглите бейсбол, в свободное время много раз в него играл, довольно интересно для такого любителя спорта, как я.



Здравствуйте. Отчисляются ли пенсионные взносы для тех, кто вышел на пенсию как многодетная мать с 5-мя детьми?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться