Ст. 5 Табиғи монополиялар туралы 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VІ
Табиғи монополиялар туралы
5-бап. Табиғи монополиялар салалары
1. Қазақстан Республикасында табиғи монополиялар салаларына: 1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін тасымалдауды қоспағанда, оларды магистральдық құбыржолдар арқылы тасымалдау жөніндегі;
2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында тауарлық газды сақтауды, тасымалдауды қоспағанда, тауарлық газды сақтау, жалғастырушы, магистральдық газ құбырлары және (немесе) газ тарату жүйелері арқылы тасымалдау, топтық резервуарлық қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ шикі газды жалғастырушы газ құбырлары арқылы тасымалдау жөніндегі;
3) электр энергиясын беру жөніндегі;
4) топырақтың жылуын, жерүсті және жерасты су объектілерін, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және өткізу жөніндегі;
5) электр энергиясын желіге беруді техникалық диспетчерлендіру және тұтыну жөніндегі;
6) электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер;
7) жүктерді контейнерлермен тасу, бос контейнерлерді тасу және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасу кезінде магистральдық теміржол желілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін қоспағанда, магистральдық теміржол желілерінің;
8) бәсекелес теміржол болмаған кезде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша теміржол көлігінің объектілері бар теміржолдардың;
9) бәсекелес кірме жол болмаған кезде кірме жолдардың;
10) халықаралық және транзиттік ұшуға аэронавигациялық қызмет көрсетуді қоспағанда, аэронавигацияның;
11) портта көрсетілетін қызметтер нарығында бәсекелестік болмаған кезде порттардың;
12) Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтері;
13) шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қоспағанда, кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтер;
14) сумен жабдықтау және (немесе) су бұрудың реттеліп көрсетілетін қызметтері жатады.
2. Табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерін көрсете отырып, Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізуге жатады.
3. Табиғи монополиялар салаларын кеңейту Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 15.03.2025 № 172-VIII (01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 08.07.2024 № 121-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.04.2025 № 179-VIII (02.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-тарау. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАЛАРЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Рекомендованные страницы
Табиғи монополиялар туралы Табиғи монополиялар туралы 6-бап. Табиғи монополия субъектiсiнiң құқықтары О естественных монополиях Статья 5. Сферы естественных монополий Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 18-бап. Бағалаушылар палатасына мүшелікке қойылатын талаптар Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы 54-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының аудитiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей