Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 22 Ұлттық әл-ауқат қоры туралы 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Ұлттық әл-ауқат қоры туралы
22-бап. Қордың тобына кіретін ұйымдардың өзге заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) иемденуі

1. Бағалы қағаздардың қайталама нарығында акционерлік қоғамдардың дауыс беретін акцияларының отыз және одан көп пайызын иемденудің "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртібі Қорға немесе дауыс беретін акцияларының елу пайызынан астамын тікелей немесе жанама түрде Қор иеленетін заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайды. 

2. Дербес немесе өздерінің үлестес тұлғаларымен жиынтықта қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес және одан көп пайызы тиесілі, Қордың тобына кіретін ұйым қоғамның қалған акционерлерінен өздеріне тиесілі осы қоғамның дауыс беретін акцияларын өзіне сатуды талап етуге құқылы. Басқа акционерлерге тиесілі дауыс беретін акцияларды сату туралы мұндай талап қоғамның дауыс беретін акцияларының барлық түріне қатысты мәлімделуі мүмкін. 

Акционерлерге тиесілі қоғамның дауыс беретін акцияларын сату туралы оларға қойылатын талапта аттарын (атауларын), тұрғылықты жерін (тұрған жерін), оған (оларға) тиесілі қоғамның дауыс беретін акцияларының санын қоса алғанда, осы талапты мәлімдеген тұлға (тұлғалар) туралы және қоғамның дауыс беретін акцияларын иемденудің осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалатын, ұсынылып отырған бағасы туралы деректер қамтылуға тиіс. 

3. Акционерлік қоғам осы баптың 2-тармағында көрсетілген талапты алған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді. Қалған акционерлер өздеріне тиесілі қоғам акцияларын қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында талап орналастырылған күннен кейін күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде сатуға міндетті. Акционерлердің осы тармақта көрсетілген мерзім ішінде қоғам акцияларымен өзге де азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасуына тыйым салынады. 

4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалардың талап етуі бойынша акционерлердің өздеріне тиесілі дауыс беретін акцияларды сату бағасы талап қойылған күнге төменде келтірілгендерден ең жоғары баға ретінде айқындалады: 

1) Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржасының өкілдік тізіміне енгізілген акцияларға қатысты: 

нәтижесінде осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болатын мәміле күнінің алдындағы соңғы алты айда ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан акциялардың орташа өлшемді бағасы;  

не нәтижесінде осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болатын мәміле бойынша акциялардың бағасы; 

2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген акцияларға қатысты: 

Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалаушы айқындаған акциялардың нарықтық бағасы; 

не нәтижесінде осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға қоғамның дауыс беретін акцияларының тоқсан бес немесе одан көп пайызы тиесілі болатын мәміле бойынша акциялардың бағасы. 

5. Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйым қалған акционерлерден сатып алынатын қоғамның дауыс беретін акцияларын осы баптың 4-тармағына сәйкес айқындалатын, иемденудің ұсынылған бағасы бойынша төлеуге міндетті. 

Осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген ұйым қалған акционерлерден сатып алатын қоғамның дауыс беретін акцияларына ақы төлеуге арналған ақша бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде өзекті деректемелері бар осы акционерлердің банктік шоттарына аударылады. 

Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде және (немесе) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің өзекті деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, иемденген қоғам акцияларына ақы төлеуге арналған ақша қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа аударылады. 

Ескерту. 22-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться