Ст. 13 Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлд 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы
13-бап. Қатысушы банктiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Қатысушы банк: 1) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымнан жарна ставкалары және оларды төлеу мерзiмi жөнiндегi мәлiметтердi, сондай-ақ депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру мәселелерi бойынша банктiк және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпараты жоқ өзге де мәлiметтердi алуға;
2) алып тасталды – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3) бұқаралық ақпарат құралдарында өзiнiң депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысатыны туралы мәлiметтердi таратуға құқылы.
2. Қатысушы банк:
1) осы Заңға сәйкес жарналарды уақтылы және толық көлемде төлеуге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) клиенттерге қатысушы банк куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, өзінің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысатыны туралы хабарлауға, сондай-ақ банктік шот шартын және (немесе) банктік салым шартын жасасқан кезде жазбаша немесе банктік шот шартында және (немесе) банктік салым шартында көзделген тәсілмен оларды депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы бекіткен нысан бойынша осы Заңда көзделген кепілді өтемді төлеу мерзімдері мен тәртібі туралы, оның ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен ашылған, ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударуы туралы хабардар етуге;
3) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға кепiлдiк берiлген депозиттердi қайтару жөнiндегi мiндеттемелерiн толық және уақтылы орындау мүмкiн болмай қалуына әкеп соғатын жағдайдың туындағаны туралы мұндай жағдай туындаған кезден бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде хабарлауға;
4) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға өздерi төлеген жарналар бойынша есептердiң дұрыстығын растайтын мәлiметтердi ұсынуға;
5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сұрау салуы бойынша депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажетті өзге де ақпаратты, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді беруге;
5-1) қатысушы банк депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына және (немесе) төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сұрау салуы бойынша жеке тұлғалардың депозиттері жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда олардың міндеттемелері жөніндегі, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді ұсынуға;
6) қосылу шартының талаптарын сақтауға;
7) уәкілетті органның қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру туралы шешімінің күші жойылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым төлеген кепілдік берілген өтем сомасын қосылу шартында көзделген тәртіппен қайтаруға;
8) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым жүргізетін, кепілді өтемді төлеуді жүзеге асыру үшін банк-агенттердің алдын ала тізбесін бекіту жөніндегі рәсімдерге қатысуға міндетті.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 8) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.
3. Қатысушы банктің барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылу кезеңіне тағайындалатын уақытша әкімшілік (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнге жасалған депозиторлар тізілімін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайтын нысан бойынша және тәртіппен ұсынуға міндетті.
Осы Заңның талаптарына сәйкес кепілді өтемді төлеу мақсаттары үшін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банк депозиторларының дербес деректерін жинауды және өңдеуді дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісімінсіз жүзеге асырады.
Бұл ретте депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банк депозиторларының дербес деректерін өңдеуді және қорғауды Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы 10-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру Атом энергиясын пайдалану туралы 22-бап. Қондырғыларды пайдаланудан шығару, ядролық немесе радиациялық қондырғыны пайдаланудан мерзімінен бұрын шығару және көму пункттерін жабу Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 39-бап. Шекаралық аймақ Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы 21-бап. Кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу тәртiбi Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 97-бап. Теңізде мұнай сақтау қоймалары мен резервуарларын салуға және пайдалануға тыйым салуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей