Ст. 18 Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлд 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы
18-бап. Кепiлдiк берiлген өтем
1. Қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторларға: ұлттық валютадағы жинақ салымдары (депозиттері) бойынша – жиырма миллион теңгеден аспайтын;
ұлттық валютадағы өзге де депозиттер бойынша – он миллион теңгеден аспайтын;
шетел валютасындағы депозиттер бойынша – бес миллион теңгеден аспайтын қалдықтар сомасында кепілдік берілген өтем төлейді.
Депозитордың қатысушы банкте осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген кепілдік берілген депозиттердің бірнеше алуан түрі болған кезде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым олар бойынша жиынтық кепілдік берілген өтемді депозиттің әрбір түрі бойынша жеке белгіленген кепілдік берілген өтемнің ең жоғары мөлшері шегінде, бірақ жиырма миллион теңгеден асырмай төлейді.
2. Кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді төлеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді есептеу үшін валюта айырбастаудың қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру күніне айқындалған нарықтық бағамы пайдаланылады.
3. Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банк депозиторға қатысты кредитор ретінде әрекет еткен жағдайда, кепілді өтемнің мөлшері аталған қатысушы банктің кепілдік берілген депозит сомасын және қарсы талаптарының сомасын есепке жатқызу нәтижесінде түзілген айырма сомасы негізге алына отырып, қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күнге айқындалады.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (01.05.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы 24-бап. Дауларды қарау тәртiбi Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 4-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мақсаттары мен міндеттері ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 751-бап. Ақшаны пайдаланғаны үшін сыйақы Атом энергиясын пайдалану туралы 28-бап. Атом энергиясы пайдаланылатын объектiлермен тиісінше жұмыс істемеу салдарынан келтірілген зиянды өтеу Атом энергиясын пайдалану туралы 8-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асырудың жалпы шарттарыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей