Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы 2003 жылғы 12 маусымдағы N 439


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.01.2025

Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:  

1) алып тасталды – ҚР 31.12.2021 № 100-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

1-1) дербес сәйкестендіру нөмір-коды (бұдан әрі – ДСН-коды) – өндірілетін және импортталатын темекі өнімдеріне берілетін сәйкестендіру нөмірі; 

1-2) алып тасталды – ҚР 05.01.2021 № 407-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

1-3) қорап – картоннан немесе қағаздан немесе өзге де материалдан жасалған, темекi өнiмiнiң белгiлi саны бар тұтыну ыдысының бiрлiгi; 

1-4) орам – белгiлi қорап саны бар топтап тұтыну ыдысының бiрлiгi; 

1-5) сәйкестендiру – белгiлi бiр өнiмдi өндiру, айналымға шығару (айналысы), пайдалану саласында оны өзiне ұқсас өнiмнiң арасында айырым белгілерi бойынша ауыстырмай тануды қамтамасыз ететiн рәсiм; 

1-6) сәйкестендіру құралы – штрих код түрінде ұсынылған немесе радиожиілік белгісіне жазылған немесе автоматты түрде сәйкестендірудің өзге құралы (технологиясы) пайдаланыла отырып ұсынылған, машинамен оқылатын нысандағы символдардың бірегей тізбегі; 

1-7) таңбалау – тұтынушыға арналған ақпаратты құрайтын және қорабы мен орамындағы мәтiн, шартты белгi және суреттер; 

2) темекi өнiмдерiнiң айналымы - темекi өнiмдерiн экспорттау, импорттау, сақтау, көтерме және бөлшек саудамен өткiзу; 

3) темекi өнiмдерiн көтерме саудамен өткiзу - темекi өнiмдерiн одан әрi қайта сату үшiн өткiзу (жөнелту); 

4) өндiрiс паспорты - темекi өнiмдерiн өндiрушiнiң өндiрiстiк қуаттарының көрсеткiштерiн, өндiрiстiң технологиялық процесiн сақтау үшiн қолда бар жабдықтарды пайдалануды реттейтiн оның негізгі сипаттамаларын көрсететiн құжат; 

5) темекi өнiмдерiн өндiрушi - сату үшiн темекi өнiмдерiн өндiретiн жеке немесе заңды тұлға; 

5-1) тауарларға ілеспе жүкқұжат – темекі өнімдерінің орын ауыстыруын бақылауға арналған құжат; 

6) темекi өнiмдерiнiң өндiрiсi – стандарттау жөнiндегi құжаттарға сәйкес келетiн темекi өнiмдерiн дайындауды қамтамасыз ететiн технологиялық процестер жиынтығы; 

7) темекi өнімдері - шегу, сору, шайнау, иіскеу немесе тұтынудың өзге де тәсілдері үшін, оның ішінде темекіні қыздыруға арналған жүйелердің немесе кез келген өзге де аспаптың көмегімен пайдаланылатындай етіп дайындалған шикізат ретінде темекі жапырағынан және (немесе) темекі өсімдігінің басқа бөліктерінен толығымен немесе ішінара жасалған өнімдер; 

7-1) фильтрлi сигареттер - кесiлген темекiден жасалған, фильтр қолданыла отырып, сигарет қағазымен оралған, шегуге арналған темекi өнiмдерiнiң бiр түрi; 

7-2) фильтрсiз сигареттер - кесiлген темекiден жасалған, фильтрдiң қолданылуынсыз сигарет қағазымен оралған, шегуге арналған темекi өнiмдерiнiң бiр түрi; 

8) уәкiлеттi орган - темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк бақылауды және реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.  

Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.12.11. N 201 (01.01.2007 бастап қолданысқа енгiзiледi); 03.12.2015 № 432-V (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.11.2016 № 26-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.01.2021 № 407-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 31.12.2021 № 100-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңдары  

1. Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттiк реттеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымына байланысты қатынастарды реттейтiн өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Статья 1 2 3 ...14

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Попробуйте обратиться в палату по охране труда, направить на компанию жалобу с указанием всех причин


Помогите с чего начать, заключила договор с мед учреждением ,оказание услуг по рассрочке, услугами не пользовалась. По семейным обстоятельствам решила расторгнуть договор, написала заявление, потом встретилась с руководством,они уверили,что через месяц отменят, прошел месяц и тишина. Моя ошибка ,что я не запросила письменно подтверждения. Заявление на рассторжение у них есть.


Как можно обжаловать решения судьи по адм нарушение. По канабису. Результаты анализа мед тестов спасибо заранее


Здравствуйте! помогите Как перейти с СНР для субъектов малого бизнеса на основе упрощенной деклорации на СНР с использованием СМП


С 2015 года для субъектов малого бизнеса тоо пЕчать было пО желанию,если тоо открыто 2010 году,может ли гос орган требовать договоре аренды пЕчать


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться