Ст. 33 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы
33-бап. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға байланысты шектеулер
1. Әлеуетті жекеше әріптес, егер: 1) осы әлеуетті жекеше әріптес басшыларының және (немесе) осы әлеуетті жекеше әріптестің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары жекеше әріптесті айқындау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының өкілдері болып табылса;
2) әлеуетті жекеше әріптестің баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынған болса;
3) әлеуетті жекеше әріптестің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар болса және оны атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізген болса;
4) әлеуетті жекеше әріптестің қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңдарына не Қазақстан Республикасы бейрезидент-әлеуетті жекеше әріптес мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған болса, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға құқылы емес.
2. Әлеуетті жекеше әріптес пен әлеуетті жекеше әріптестің үлестес тұлғасының жекеше әріптесті айқындау жөніндегі бір конкурсқа (аукционға) қатысуға құқығы жоқ.
3. Осы баптың талаптарын бұзушылықтарды конкурстық (аукциондық) комиссия, конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жоспарлау мен іске асырудың кез келген сатысында анықтай алады.
Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда – ҚР 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей