Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы 2015 жылғы 31 қазандағы № 379-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы
7-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері

1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жүзеге асырылу тәсілі бойынша институционалдық және келісімшарттық болып бөлінеді. 

2. Институционалдық мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiкті мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шартына сәйкес мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк компаниясы iске асырады. 

3. Өзге жағдайларда мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк келісімшарттық мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк тәсілі бойынша жүзеге асырылады. 

Келісімшарттық мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк мемлекеттiк-жекешелiк әрiптестiк шартын, оның ішінде мынадай түрлерін: 

1) концессия; 

2) мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару; 

3) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу); 

4) лизинг; 

5) технологиялар әзірлеуге, тәжірибелік үлгі дайындауға, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынауға және аз сериялы өндіріске жасалатын шарттар; 

6) өмірлік цикл келісімшарты; 

7) сервистік келісімшарт; 

8) мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің белгілеріне сәйкес келетін өзге де шарттар жасасу арқылы іске асырылады. 

Келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жекелеген түрлерін іске асыру кезінде осы Заңмен реттелмеген бөлігінде Қазақстан Республикасының тиісті заңдарының ережелері, оның ішінде "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер қолданылады. 

Осы тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген келісімшарттық мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарында инвестициялық шығындардың өтемақысы бюджеттік тиімділік болған жағдайда ғана, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізілетін сараптамада расталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан коммерциялық тиімділікке қол жеткізу мүмкін болмаған кезде көзделуі мүмкін. 

4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамаларында, ұлттық жобаларда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары көзделуі мүмкін. 

Салаларды (аяны) дамыту тұжырымдамалары, ұлттық жобалар шеңберінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін әзірлеу қажеттігі туралы шешім тиісті тұжырымдамада немесе ұлттық жобада айқындалады. 

Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.11.2017 № 112-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...59

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться