Ст. 30 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
30-бап. Мемлекеттік шекараны бұзушылар
Мыналар: 1) Мемлекеттік шекараны өткізу пункттерiнен тыс жерде немесе өткізу пункттерінде және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда оны кесіп өтудiң белгіленген тәртібін бұза отырып, кез келген тәсілмен кесіп өткен немесе кесіп өтуге әрекеттенуші адамдар;
2) Қазақстан Республикасынан заңсыз шығу мақсатында шетелге бара жатқан қазақстандық немесе шетелдiк көлік құралдарына кiрген немесе кіруге әрекет жасаған адамдар;
3) ішкі немесе аумақтық суларға, сондай-ақ шекаралық өзендер, көлдер және өзге де су айдындары суларының қазақстандық бөлігіне, осы суларға кірудің белгіленген тәртібін бұза отырып кiрген шетелдiк әскери емес кемелер және әскери корабльдер, оның ішінде су астымен Мемлекеттік шекараны кесіп өткен немесе Қазақстан Республикасының суларында жүзу және тұру кезiнде су астында болған шетелдiк сүңгуiр қайықтар және басқа да көлiк құралдары (объектілері);
4) белгіленген тәртіпті бұза отырып Мемлекеттік шекараны кесіп өткен, сондай-ақ Мемлекеттік шекарадан белгіленген әуежайларға немесе әуеайлақтарға ұшу кезінде не Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өту кезінде әуе кеңістігін пайдаланудың белгіленген қағидаларын бұзған әуе кемелері және өзге де ұшу аппараттары, оның ішінде пилотсыз әуе кемелері;
5) Мемлекеттік шекараны тиiстi рұқсатсыз немесе белгiленген тәртiптi бұза отырып, кесіп өткен немесе кесіп өтуге әрекет жасаған өзге де адамдар, техникалық және өзге де құралдар Мемлекеттік шекараны бұзушылар болып танылады.
Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.02.2021 № 11-VII (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-тарау. ӨТКІЗУ ПУНКТТЕРІНДЕГІ РЕЖИМ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Коллекторлық қызмет туралы Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 10-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi Құқық қорғау қызметi туралы 78-бап. Демалыстан кері шақырып алу Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 21-бап. Кәсiпорынның жарғылық және резервтiк капиталдары Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 7-бап. Бағалау жүргiзудің негiздерiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей