Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 49 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
49-бап. Ішкі және аумақтық суларда қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың жүзу (пайдаланылу) тәртібі

Ескерту. 49-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 23.02.2021 № 11-VII (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Ішкі және аумақтық суларда қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың, оның ішінде шағын көлемділерінің жүзуіне және (немесе) пайдаланылуына тек қана рұқсат етілген немесе белгіленген (айқындалған) аудандарда немесе навигациялық-гидрографикалық жабдықпен қамтамасыз етілген қозғалыстың белгіленген схемаларына сәйкес жол беріледі. Оларға: 

1) рұқсат етілген немесе белгіленген (айқындалған) ауданның шегінен шығуға, қозғалыстың белгіленген схемаларынан ауытқуға, егер хабарламаларда ондай аудан немесе аймақ туралы теңізде жүзушілерге хабарланған болса, жүзу үшін тыйым салынған немесе жүзу үшін уақытша қауіпті ауданға, сондай-ақ жасанды аралдың, қондырғы мен құрылыстың айналасында белгіленген қауіпсіздік аймағына кіруге; 

2) егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше тәртіп ескертілмеген болса, аялдауға, адамдарды түсіруге (отырғызуға), кез келген жүктер мен тауарларды түсіруге (тиеуге), кез келген жүзу құралдарын суға түсіруге немесе бортқа қабылдауға, кез келген ұшу аппаратын, оның ішінде пилотсыз әуе кемесін әуеге көтеруге, қондыруға немесе бортқа қабылдауға тыйым салынады. 

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің корабльдері мен катерлеріне ішкі және аумақтық суларда түнгі уақытта, белгіленген шамдарсыз жүзуге рұқсат етіледі. Мұндай жағдайларда корабльдердің және катерлердің командирлері өзге де кемелермен (құралдармен) соқтығысу, өзге де авариялық жағдай тудыру мүмкіндігін болғызбайтын шаралар қолдануға міндетті. 

3. Аумақтық сулардың белгілі бір аудандарында уәкілетті органдар қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз үстімен жылжитын құралдардың, оның ішінде шағын көлемділерінің жүзуін шектейді, бұл туралы теңізде жүзушілерге хабарламаларда күні бұрын хабар беріледі. 

Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.02.2021 № 11-VII (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...47 48 49 50 51 ...80

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться