Ст. 58 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
58-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінің құзыреті
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі: 1) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге байланысты мәселелер бойынша қызметін үйлестіреді, Мемлекеттік шекара режимі туралы шарттарды жасасу бойынша келіссөздерге қатысады;
2) Мемлекеттік шекараның сыртқы саяси, халықаралық-құқықтық жағынан қорғалуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
3) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына кіру және Қазақстан Республикасынан шығу құқығын беретін құжаттарды ресімдейді;
4) Қазақстан Республикасына қатысты шет мемлекеттердiң шекара және виза саясатындағы өзгерістер, басқа мемлекеттердегi мемлекеттік шекаралар арқылы өткізу тәртiбі туралы, шектес мемлекеттермен Мемлекеттік шекараны межелеуді, шегендеуді немесе қайта шегендеуді жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметiн хабардар етеді;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнің шекара өкiлдерi реттемеген Мемлекеттік шекара режимін сақтау мәселелерін және шекарадағы тосын оқиғаларды дипломатиялық құралдармен және әдістермен шешедi;
6) дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң, сондай-ақ оларға теңестiрiлген, Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлеріне шекаралық және өзге де бақылау түрлері жүзеге асырылатын өткізу пункттеріндегі үй-жайларға және өзге де орындарға жіберу үшін рұқсаттамалар беруді жүзеге асырады;
7) шектес мемлекеттермен шекара өкілдерінің тізімдерімен алмасуды жүзеге асырады;
8) Мемлекеттік шекараны қорғау мәселелері бойынша халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде уәкілетті органдардың лауазымды адамдарын шетелге іссапарға жіберуге арналған қаражатты пайдалану жөнінде шешімдер қабылдайды;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 25-бап. Кәсiпорынның мүлiктiк құқықтарын жүзеге асыру шарттары Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 12-бап. Мүлiктiк кешен ретiндегi мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 43-бап. Шекара режимін бұзу Адвокаты в Кокшетау Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 27-бап. Кәсiпорынның қызметiн қаржыландыруРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей