Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 68 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
68-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің кадрлары. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметiнде әскери қызмет өткеру ерекшеліктері

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің кадрлары әскери қызметшілерден және қызметкерлерден тұрады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметінде әскери қызмет өткеру Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Шекара қызметі үшін кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру Қазақстан Республикасының әскери, арнаулы оқу орындарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және халықаралық келісімдерге сәйкес шетел мемлекеттерінің басқа да білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіндегі мерзімді әскери қызметке басым тәртіппен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті дене бітімі мен моральдық-психологиялық қасиеттері бар Қазақстан Республикасының азаматтары шақырылады.

Қазақстан Республикасының азаматтарын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне іріктеу, оларды зерделеу және әскерге шақыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларымен айқындалады.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнің әскери қызметшiлерi қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік билік өкілдері болып табылады және мемлекеттің қорғауында болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің қызметтік іс-әрекетіне араласуға, Қазақстан Республикасының заңдарымен осыған тікелей уәкілеттік берілген адамдардан басқа, ешкімнің құқығы жоқ.

Шекаралық нарядтарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету, сондай-ақ шет елдердегі мекемелерді физикалық қорғау бойынша қызмет атқару жауынгерлік кезекшілік (жауынгерлік қызмет) болып табылады.

4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің әскери қызметшісі атқаратын лауазымына, орналасу орны мен уақытына қарамастан, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында оған азаматтар шекара қауіпсіздігіне қатер төндіретін оқиғалар туралы мәлімдемемен немесе хабарламамен жүгінген жағдайда немесе ол осындай оқиғаларды тікелей анықтаған жағдайда:

1) құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасаған азаматтарды анықтау және ұстау, оқиға болған орындарды күзету жөніндегі ықтимал шараларды қолдануға;

2) бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жақын жердегі бөлімшесіне хабарлауға міндетті.

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі қызметкерлерінің еңбек қатынасы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.

Ескерту. 68-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...67 67‑1 68 68‑1 69 ...80

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться