Ст. 74 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
74-бап. Арнайы құралдарды қолдану
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне Мемлекеттік шекараны қорғау кезінде қару-жарақ пен әскери техниканы қолдануға құқық берілетін барлық жағдайда арнайы құралдар қолданылуы мүмкін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің шекаралық кеңістікте, сонымен қатар:
1) Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын, әскери қызметшілерге қарсылық көрсететін немесе оларға жүктелген қызметтік міндеттерді жүзеге асыруына қасақана кедергі жасайтын құқық бұзушыларды, өзге де адамдарды ұстау және қарусыздандыру үшін немесе қару, оқ-дәрілер, жарылғыш, улы, радиоактивті, есірткі және еркін айналымына тыйым салынған өзге де заттарды өзінде заңсыз ұстайтын адамдарға қатысты;
2) шекаралық кеңістіктегі жаппай тәртіпсіздіктің жолын кесу үшін және Мемлекеттік шекарадан қарусыз жаппай кесіп өту немесе кесіп өтуге әрекет ету және азаматтардың өмірі мен денсаулығына немесе мемлекеттің қауіпсіздігіне қол сұғушылық жасалатын құқық бұзушылардың топтасқан іс-әрекеттері жағдайында;
3) егер ұсталған адамдардың қашып кетуі, айналасындағыларға немесе өз денсаулығына зиян келтіруі мүмкін екеніне жеткілікті негіздер болса, оларды айдауылмен алып жүру және күзету кезінде;
4) ұсталғандарды жеткізу үшін, егер бұл құқық бұзушылықтың жолын кесу, құқық бұзушының жеке басын анықтау, сондай-ақ, егер әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау міндетті болып табылса, оны сол орнында жасау мүмкін болмаған кезде осы хаттаманы жасау мақсатында қажет болса;
5) құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында объектілер мен көлік құралдарын ашу, сондай-ақ оларды бөлшектеу үшін;
6) өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу, сондай-ақ қажетті қорғаныс үшін және аса қажеттілік жағдайында да арнайы құралдарды қолдануға құқығы бар.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 28-бап. Шекара өкілдері Құқық қорғау қызметi туралы 25-бап. Арнаулы атақтарда немесе сыныптық шендерде еңбек сiңiрген жылдары мерзiмдерiн тоқтата тұру Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 53-бап. Континенттік қайраң режимі Құқық қорғау қызметi туралы 12-бап. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін сынақ мерзімі және тәлімгерлікті ұйымдастыру Құқық қорғау қызметi туралы 57-бап. Тәртіптік жаза қолданудың негіздері мен шарттарыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей