Ст. 13 Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi туралы 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V
Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi туралы
13-бап. Мемлекет сыйлықақысының мөлшері
1. Мемлекет сыйлықақысы білім беру жинақтау салымының сомасына жылдық бес пайыз, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде есепке жазылады. 2. Мемлекет сыйлықақысы мынадай басым санатқа жатқызылған салымшылардың пайдасына ашылған білім беру жинақтау салымдары бойынша жылдық жеті пайыз, бірақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде:
1) жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, оның ішінде кәмелетке толған балаларға, бірақ әрі кеткенде жиырма үш жасқа толғанға дейін;
2) мүгедектігі бар адамдарға;
3) бiрге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның iшiнде жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, жалпы орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура) бiлiм беру ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша күндiзгi оқу нысанында білім алатын балалары бар көп балалы отбасылардан шыққан балаларға олар кәмелетке толғаннан кейiн оқу орнын бiтiретiн уақытқа дейiн, бiрақ әрi кеткенде жиырма үш жасқа толғанға дейiн;
4) жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасылардан шыққан балаларға есепке жазылады.
3. Осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған салымшылардың жылдық жеті пайыз мөлшерінде мемлекет сыйлықақысын алу құқығын оператор балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органнан есепке жазылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қажетті мәліметтерді алу арқылы жыл сайын растайды.
Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында аталған салымшылардың жылдық жеті пайыз мөлшерінде мемлекет сыйлықақысын алу құқығын оператор халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органнан есепке жазылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қажетті мәліметтерді алу арқылы жыл сайын растайды.
Осы баптың 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында аталған салымшылардың жылдық жеті пайыз мөлшерінде мемлекет сыйлықақысын алу құқығын оператор халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органнан расталған тоқсаннан кейінгі тоқсанның 1-күніндегі жағдай бойынша қажетті мәліметтерді алу арқылы тоқсан сайын растайды.
Жылдық жеті пайыз мөлшерінде мемлекет сыйлықақысы тиісті жылда салымшының басым санатқа жатқызылуы расталатын айларға есепке жазылады.
4. Білім беру саласындағы уәкілетті органдар және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттің сыйлықақысын инфляция деңгейінен төмен емес мөлшерде ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.
Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2017 № 88-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей