Ст. 17 Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi туралы 2013 жылғы 14 қаңтардағы № 67-V
Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi туралы
17-бап. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысушылардың мемлекет сыйлықақысын есептеу және есепке жазу кезіндегі өзара іс-қимылы
1. Оператор жыл сайын ағымдағы жылғы 1 сәуірге дейінгі мерзімде қатысушы банктердің салым шарттары бойынша ұсынған мәліметтерінің негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органдарға алдағы қаржы жылына арналған мемлекет сыйлықақыларын есепке жазудың болжамды есептемесін ұсынады. 2. Есепті жылдың қорытындысы бойынша оператор халықты әлеуметтік қорғау, балалардың құқықтарын қорғау және құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру саласындағы уәкілетті органдардан қажетті мәліметтерді алғаннан кейін, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 қаңтарына дейін білім беру саласындағы уәкілетті органдарға мемлекет сыйлықақыларының түпкілікті есептемесін ұсынады.
3. Білім беру саласындағы уәкілетті органдар оператордан мемлекет сыйлықақылары сомасының түпкілікті есептемесін алғаннан кейін есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін оператордың шотына мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аударады.
4. Оператор білім беру саласындағы уәкілетті органдардан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде әрбір жасасылған салым шарты бойынша мемлекет сыйлықақысының мөлшері туралы мәліметтерді ұсына отырып, қатысушы банкке мемлекет сыйлықақыларын есепке жатқызуды жүргізеді.
5. Қатысушы банк оператордан мемлекет сыйлықақыларының жалпы сомасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде салымшылардың шоттарына мемлекет сыйлықақыларын есепке жатқызады.
6. Қаржы жылы аяқталғаннан кейін алдыңғы есепті жылдар бойынша мемлекет сыйлықақысын толық есепке жазу қажеттілігіне әкеп соғатын фактілер анықталған жағдайда оператор толық есепке жазылған сомаларды осы баптың 2-тармағында көзделген тәртіппен есепті жыл бойынша мемлекет сыйлықақыларының түпкілікті есептемесіне енгізеді.
Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.07.2017 № 88-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Попробуйте обратиться в палату по охране труда, направить на компанию жалобу с указанием всех причин
Помогите с чего начать, заключила договор с мед учреждением ,оказание услуг по рассрочке, услугами не пользовалась. По семейным обстоятельствам решила расторгнуть договор, написала заявление, потом встретилась с руководством,они уверили,что через месяц отменят, прошел месяц и тишина. Моя ошибка ,что я не запросила письменно подтверждения. Заявление на рассторжение у них есть.
Как можно обжаловать решения судьи по адм нарушение. По канабису. Результаты анализа мед тестов спасибо заранее
Здравствуйте! помогите Как перейти с СНР для субъектов малого бизнеса на основе упрощенной деклорации на СНР с использованием СМП
С 2015 года для субъектов малого бизнеса тоо пЕчать было пО желанию,если тоо открыто 2010 году,может ли гос орган требовать договоре аренды пЕчать
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей