Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 19 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.01.2025

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
19-бап. Арнайы тексеру

1. Осы Заңның 27-бабының 8-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін немесе мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін оған қайтадан кіретін азаматтар осы Заңға және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметке кіру шарттарына сәйкестігі тұрғысынан ұлттық қауіпсіздік органдары жүргізетін арнаулы тексерудің оң нәтижелерін алуы қажет. 

Сайланатын әкімге кандидаттарды арнаулы тексеруді қоспағанда, арнаулы тексеру жүргізу мерзімі үш айға дейінгі мерзімді құрайды. 

Сайланатын әкімге кандидаттарды арнаулы тексеру ұлттық қауіпсіздік органдарына қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі. 

2. Қазақстан Республикасының Президенті және Қазақстан Республикасы Парламентінің Платалары тағайындайтын не сайлайтын саяси қызметшілерді қоспағанда, осы Заңға сәйкес мемлекеттік қызметке кіретін азаматтар арнаулы тексерудің нәтижелері алынған күнге дейін мемлекеттік лауазымда көзделген міндеттерді уақытша атқарады. 

Олармен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледi. 

Арнайы тексеруді жүргізу кезеңінде бұл азаматтарға мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен жауаптылығы, мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер бөлігінде осы Заңның ережелері қолданылады. Бұл азаматтардың құқықтары еңбек шартында айқындалады. 

Жұмысқа қабылдау мемлекеттік органның актісімен ресімделеді. 

Осы тармақтың ережелері сайланған әкімге қолданылмайды. 

3. Мемлекеттік әкімшілік лауазым бойынша көзделген міндеттерді уақытша атқару кезеңі мемлекеттік қызмет өтіліне енгізіледі. 

Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 03.07.2020 № 357-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2021 № 42-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 20.03.2023 № 214-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...69

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

при расчете задолженности по алиментам судебный исполнитель при исчислении задолженности по алиментам берет для расчетов среднюю заработную плату не по Казахстану, а по г. Алматы, которая гораздо выше чем по Казахстану в общем ( должник живет и жил в г.Алматы), сделал расчет задолженности за два предыдущих года. законно ли это ? 1-е - период - 2 года . и 2-е средняя зарплата по Алматы без учета профессии - в данном случае это водитель, а не работник банковской системы. Заранее благодарю за ответ.


Мен көпбалалы анамын, күміс алка иегерымін,3 балам мектеп жасында 18 ге толған жок ал 1балам студент ауылы,күндізгі бөлімде окиды мен Салык жеңілдігіне кіремінбе?


ДД. 270.00 форму предоставляют физические лица, если применяют предварительный вычет у налогового агента (работодателя) по заявлению или можно вычеты применить самостоятельно путем предоставления формы 270.00. Два варианта применения предварительного вычета. Если предварительный вычет применяется по заявлению у налогового агента (работодателя), то в заявлении вы подтверждаете, что сдадите форму 270.00.



Здравствуйте,получившее жилье от государства семья воспитывающая ребенка на инвалидности,на каких условиях сможет безвозмездно приватизировать жилье ребенок 2 группа ?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться