Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 21-1 Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 72


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.06.2025

Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы
21-1-бап. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ескерту. 21-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Қорғалатын адамдар болып табылатын Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілерінің, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздігі Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардағы әскери қызмет, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарында қызметті өткеру ерекшеліктері ескеріле отырып, осы Заңның 7-бабында көзделген қауіпсіздік шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

2. Әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатарындағы қорғалатын адамға қатысты тиісті мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары ескеріле отырып:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери қызметшіні Қарулы Күштердің, әскери қызмет көзделген басқа мемлекеттік органның басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының басқа әскери бөліміне;

2) әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеріп жатқан, қорғалатын адамға қатысты күш қолдануды немесе қылмыстық заңмен тыйым салынған өзге де іс-әрекетті жасау қатері төнуі мүмкін әскери қызметшіні Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың басқа әскери бөліміне;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес арнаулы мемлекеттік орган қызметкерін өзі қызмет өткеріп жатқан орган құрамындағы жаңа қызмет орнына не өзге арнаулы мемлекеттік органға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органының қызметкерін өзі қызмет өткеріп жатқан орган құрамындағы жаңа қызмет орнына не өзге құқық қорғау органына, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөліміне ауыстыру да (іссапарға жіберу де) қолданылуы мүмкін.

3. Ауысу кезінде әскери қызметші, қызметкер негізгі немесе бір бейінді мамандығы бойынша пайдаланылуы қамтамасыз етіле отырып, тең немесе жоғары тұрған лауазымға тағайындалады.

4. Қорғалатын адамды ауыстыру (іссапарға жіберу) оның жазбаша түрде білдірген келісімімен жүзеге асырылады.

Ескерту. 21-1-баппен толықтырылды – ҚР 07.04.2009 № 149-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); жаңа редакцияда – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...20 21 21‑1 21‑2 22 ...31

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?




Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?


Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться