Ст. 21 Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы 2000 жылғы 5 шілдедегі N 72
Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы
21-бап. Қауiпсiздiк шараларын қолдану және жүзеге асыру
Осы Заңның 7-бабында көзделген қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді:
1) 1-тармақтың 1), 2), 3) және 7) тармақшалары бойынша – қылмыстық iсті жүргiзiп жатқан органдар;
2) 1-тармақтың 4), 5) және 6) тармақшалары бойынша – соттар;
3) 2-тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2), 3) және 4) тармақшалары бойынша – қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдар;
4) 2-тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасы бойынша – жергiлiктi атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдар;
5) 2-тармақтың бірінші бөлігінің 6) тармақшасы бойынша – уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдар;
6) 2-тармақтың бірінші бөлігінің 7) тармақшасы бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдар жүзеге асырады.
Әскери соттардың судьяларына, прокурорларға, әскери полиция органдарының, әскери-тергеу органдарының әскери қызметшiлерiне, сол сияқты олардың отбасы мүшелерi мен жақын туыстарына қатысты қауiпсiздiк шараларын тиiстi әскери бөлiмнiң қолбасшылығы немесе тиiстi әскери мекеменiң бастығы да жүзеге асыра алады.
Уәкілетті мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдар қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдайтын және қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын органдарға осы Заңның нормаларын орындауға өз құзыреті шегінде жәрдем көрсетуге міндетті.
Қылмыстық іс одан әрі тергеп-тексеру үшін басқа қылмыстық қудалау органына берілген кезде қорғалатын адамның қауіпсіздігі шараларын іске асыруды істі өзінің іс жүргізуіне қабылдаған орган жүзеге асырады.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда – ҚР 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Статьи 212 часть 1 и 212 часть 2 противоречат друг другу, в связи с чем недобросовестные нотариусы оформляют фиктивные сделки. Акт дарения фактически является сделкой по отчуждению, ограничивающая действия по отчуждению без согласия всех собственников в общедолевой собственности. Этим пользуются недобросовестные наследники и нотариусы.
госслужба в казахстане погрязла в коррупций клановая система, брат, сват, агашка,
татешка, кум, кума и т.д.т.п.
Статья 10 в старой редакции. Как может быть проверенно 25.05.2025. Таким образом люди вводятся в заблуждение.
в законе написано что он утратил силу. где найти другой закон, не утративший силу? зачем вообще я читаю законы, которые утратили силу?
Срок предоставления ответа 5 дней проверьте изменение
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей