Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 18 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
18-бап. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру

1. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру тәуекелдерді басқару жүйелері – мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін бағалаудың сандық және сапалық көрсеткіштері негізінде жүзеге асырылады, бұлардың негізінде оларды мемлекеттік аудитпен барынша қамту мақсатында мемлекеттік аудит объектісін белгілі бір тәуекел тобына жатқызу туралы шешім қабылданады. 

Тәуекелдерді басқару жүйесі Жоғары аудиторлық палата мен ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган бірлесіп белгілейтін бірыңғай қағидаттар мен тәсілдерге негізделеді. 

2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметі оларға жүктелген міндеттер мен өкілеттіктердің іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында өздерінің бірінші басшылары бекітетін мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. 

Ішкі аудит қызметтерінде мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін: 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдарда – ішкі аудит қызметі құрылған мемлекеттік органның басшысы; 

облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі бекітеді. 

Мыналардың: 

1) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын және Жоғары аудиторлық палата Төрағасының бастамаларын қоспағанда, Жоғары аудиторлық палатаның; 

2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларына негізделген Жоғары аудиторлық палатаның сұрау салуларын, тиісті мәслихаттардың шешімдерін және тексеру комиссиясы төрағасының бастамаларын қоспағанда, тексеру комиссияларының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелеріне өзгерістер енгізуге жол берілмейді. 

3. Жоғары аудиторлық палатаның мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің уәкілеттік берілген адамдарының тапсырмалары міндетті түрде қаралуға және есепке алынуға жатады. 

Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің уәкілеттік берілген адамдарының тапсырмалары, Жоғары аудиторлық палатаның сұрау салулары міндетті түрде қаралуға және есепке алынуға жатады. 

4. Жоғары аудиторлық палатаның және тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелерін қалыптастыру кезінде құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың ұсыныстарына талдау жасалады, олардың орындылығы мен өзектілігін қарау үшін Жоғары аудиторлық палатаның немесе тиісті тексеру комиссиясының отырысына талқылауға шығарылады. 

Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің уәкілеттік берілген адамдарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары, депутаттық сауалдар, прокуратура және қылмыстық қудалау органдарының сұрау салулары міндетті түрде қаралуға және есепке алынуға жатады. 

5. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның жоспардан тыс аудиті: 

1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және оның орынбасарларының тапсырмалары бойынша; 

2) техникалық-экономикалық негіздемені, қаржылық-экономикалық негіздемені және бюджеттік инвестициялардың сметалық құнын түзетуге байланысты мәселелер бойынша; 

3) тәуекелдерді басқару жүйесі пайдаланыла отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелері деректерінің мониторингі нәтижелері бойынша; 

4) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары бойынша, оларда жазылған мәселелер бойынша ғана жүргізіледі. 

6. Тексеру комиссиясының тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі, есепті жылда олардың әкімшілік-аумақтық бірлігінде сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен, оның ішінде тиісті облыстың құрамына кіретін аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерінен қаржыландырылатын және (немесе) қаражат алатын мемлекеттік аудит объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарын және жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығын қамтамасыз ететін басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарды қамтиды. 

7. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қоспағанда, мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналып, бекітілген тізбелері мен оларға өзгерістер бекітілген күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органының интернет-ресурсында орналастырылуға жатады. 

8. Жоғары аудиторлық палата, тексеру комиссиясы, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік аудитті жүргізу үшін мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын (олардың келісімі бойынша), сондай-ақ қажет болған кезде аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды олар көрсететін қызметтеріне тиісті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде ақы төлей отырып, тартуға құқылы. 

9. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру үшін мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын, есептілікті орналастыруға, сондай-ақ келісілген мерзімдерде мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелері туралы олар бекітілгенге дейін ақпарат алмасуды жүзеге асыруға міндетті. 

Тексерулердің қайталануын болғызбау мақсатында мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары тиісті жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбелерін және оларға өзгерістерді өзара келісуге міндетті. 

Жоғары аудиторлық палата бекіткен мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне енгізілген мемлекеттік аудит объектілерінде осы Заңның 15-бабының және осы баптың 5-тармағының ережелерін қоспағанда, жоспардан тыс мемлекеттік аудит жүргізуге жол берілмейді. 

10. Ішкі аудит қызметтерін қоспағанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тексерулерді тіркеуді жүзеге асырады. 

Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.01.2018 № 135-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...16 17 18 19 20 ...62

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться