Ст. 20 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
20-бап. Аудиторлық дәлелдемелер
1. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша анықталатын бұзушылық пен кемшілік фактілері аудиторлық дәлелдемелерге және (немесе) өзге құжаттар мен ақпаратқа негізделеді. 2. Аудиторлық дәлелдемелер мемлекеттік аудиторлардың жұмыстағы бұзушылықтардың және кемшіліктердің болуын немесе болмауын анықтауына негіз болатын, заңдылығы, анықтығы және қолжетімділігі ескерілген нақты деректер, сондай-ақ аудиторлық есепте жазылған фактілерді растайтын өзге материалдар болып табылады.
3. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қорытындылар, ұсынымдар мен тапсырмалар қалыптастыруға негіз болатын аудиторлық дәлелдемелер оның мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес объективті, анық және жеткілікті болуға тиіс.
4. Аудиторлық дәлелдемелердің негізі тікелей мемлекеттік аудит объектісінде жиналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтай отырып, басқа да анық көздерден алынған құжаттар (материалдар мен ақпарат) болып табылады.
Мемлекеттік аудитор квазимемлекеттік сектор субъектілеріне аудит кезінде, оның ішінде іс-шаралар жоспарларының, даму жоспарларының орындалуы туралы есептен ақпаратты, сондай-ақ аудиттің халықаралық стандарттарының талаптарына және Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудиторлық ұйым жасаған аудиторлық есепті, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит бойынша аудиторлық қорытындыны пайдалануға құқылы.
5. Құжаттарда жазбаша, сол сияқты өзге де нысанда тіркелген мәліметтер қамтылуы мүмкін. Құжаттарға, оның ішінде түсініктемелер, қаржылық және өзге де құжаттар, түгендеу актілері, анықтамалар, бақылап өлшеу актілері, сондай-ақ электрондық ақпаратты, фотосуреттерді қамтитын материалдар жатады.
6. Аудиторлық дәлелдемелерді жинау кезінде мемлекеттік аудиторлар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін аудиторлық дәлелдемелерді жинаудың барлық қолжетімді құралдарын пайдаланады. Аудиторлық дәлелдемелерді жинау жалпылама немесе іріктеу әдісімен жүзеге асырылады.
Ескерту. 20-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей