Ст. 22 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
22-бап. Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша қабылданатын құжаттар
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары мынадай құжаттарды қабылдайды: 1) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп – мемлекеттік аудитті тікелей жүргізген мемлекеттік аудиторлар жасаған, қаржылық есептіліктің анықтылығы, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы жазбаша нысанда білдірілген пікірді қамтитын құжат;
2) аудиторлық есеп – мемлекеттік аудитті тікелей жүргізген мемлекеттік аудиторлар жасаған, белгілі бір уақыт кезеңі үшін жүргізілген тиімділік аудитінің және (немесе) сәйкестік аудитінің нәтижелерін қамтитын құжат;
3) аудиторлық қорытынды – аудиторлық есептер және (немесе) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есептер негізінде жасалатын, тұжырымдар мен ұсынымдарды қамтитын және өз өкілеттіктері шегінде Жоғары аудиторлық палатаның, тексеру комиссиясының қаулысымен, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітілетін құжат;
4) ішкі аудит нәтижелері туралы есеп – ішкі аудит қызметі жасаған жұмыс тиімділігін арттыру, мемлекеттік аудит объектісі қызметінің тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ішкі рәсімдерді, қағидаларды, процестерді жақсарту жөніндегі ұсынымдарды қамтитын, орталық мемлекеттік органның бірінші басшысына немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкіміне және ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органға ұсынылатын құжат.
Мемлекеттік аудитордың ассистенті мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша құжаттарға (аудиторлық есепке) қол қоймайды.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.01.2018 № 135-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Читать еще раз
Бағалы металдар мен асыл тастар туралы 15-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 58-бап. Мемлекеттік орган басшысының ішкі аудит қызметімен өзара іс-қимылы Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 56-бап. Ішкі аудит қызметі тәуелсіздігінің кепілдіктері Конституциялық Кеңесi туралы 16-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету Конституциялық Кеңесi туралы 25-бап. Өтiнiштi iс жүргiзуге қабылдау немесе оны қабылдаудан бас тартуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей