Ст. 37 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
37-бап. Мемлекеттік аудит объектісі басшысының құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік аудит объектісі басшысының:
1) мемлекеттік аудиттің мақсатымен, ұзақтығымен оның нәтижелерімен, тұжырымдарымен және ұсынымдарымен таныс болуға;
2) қаржылық бақылаудың ден қоюының қабылданатын шараларымен таныс болуға;
3) тексеру тағайындау туралы актіні ұсынбаған мемлекеттік аудиторларды тексеруге жібермеуге;
4) мемлекеттік аудит нәтижелерімен келіспеген жағдайда қол қойылған аудиторлық есеп және (немесе) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп ұсынылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда ол тапсырылған (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органына өз қарсылығын жіберуге;
4-1) алып тасталды ҚР 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Мемлекеттік аудит объектісінің басшысы:
1) мемлекеттік аудиторларды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге;
2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары сұрататын деректердің уақтылығын, анықтығын, объективтілігін және толықтығын қамтамасыз етуге;
3) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне жол бермеуге;
4) мемлекеттік аудиторлардың әрекетіне араласпауға және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізуге кедергі келтірмеуге;
5) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының заңды талаптарын орындауға;
6) аудиторлық қорытындыда берілген, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жіберген ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалуы туралы, сондай-ақ камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы ақпаратты уақтылы ұсынуға;
6-1) мүдделерін мемлекеттік аудиттің аудиторлық іс-шаралары қозғаған кәсіпкерлік субъектілерінің және өзге де тұлғалардың анықталған қаржылық бұзушылықтары туралы хабардар етуге;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Ескерту. 37-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Читать еще раз
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 14-бап. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Конституциялық Кеңесi туралы 35-бап. Конституциялық Кеңестiң қосымша шешiмi Конституциялық Кеңесi туралы 26-бап. Iс жүргiзуге қабылданған өтiнiштi Конституциялық Кеңестiң отырысында қарау үшiн материалдар әзiрлеу тәртiбi Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 28-бап. Ағымдағы бағалауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей