Ст. 36 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 2015 жылғы 12 қарашадағы № 392-V ҚРЗ
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы
36-бап. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері
1. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдары мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде: 1) мемлекеттік аудит жүргізу шеңберінде қызметтік куәлікті не сәйкестендіру картасын және құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда тіркеу туралы белгісі бар тексеруді тағайындау туралы актіні көрсеткен кезде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік аудит объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге рұқсат алуға;
2) мемлекеттік аудиттің міндеттері мен нысанасына сәйкес аудиторлық есеп және (немесе) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есеп дайындау үшін өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қажетті құжаттаманы, ақпаратты, оның ішінде электрондық жеткізгіштерде, сондай-ақ ақпараттық жүйелерге рұқсатты, жазбаша және ауызша түсініктемелерді және өзге де, оның ішінде құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, мемлекеттік құпияны және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты осы Заңда белгіленген мерзімдерде сұратуға және алуға;
3) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары жүргізген мемлекеттік бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша қабылданған актілер мен құжаттарды сұратуға;
4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік аудит объектілерінің басшылары мен басқа да лауазымды адамдарынан мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудит жүргізу кезінде анықталған бұзушылық фактілері бойынша жазбаша түсініктемелерді беруді, сондай-ақ құжаттардың белгіленген тәртіппен куәландырылған қажетті көшірмелерін талап етуге;
5) мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының мемлекеттік аудитті жүргізу кезінде сұратылған құжаттар мен материалдарды ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы фактілері бойынша актілер жасауға;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
2. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының лауазымды адамдары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, мемлекеттік аудит объектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;
2) мемлекеттік аудит объектісінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
3) бұзушылықтардың алдын алу, оны анықтау және оның жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы және толық көлемде орындауға;
4) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды қатаң түрде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкес жүргізуге;
5) қызметтік және кәсіптік әдеп талаптарын сақтауға;
6) мемлекеттік аудит объектісі басшысының (лауазымды адамдарының) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу кезінде қатысуына кедергі келтірмеуге, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нысанасына қатысты мәселелер бойынша түсініктер беруге;
7) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге, оның ішінде мемлекеттік құпияларға, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияға жататын мәліметтерді жария етпеуге;
8) мүдделер қақтығысына ықпал ететін жағдайлар туралы хабарлауға;
9) мемлекеттік аудит нәтижелерін мемлекеттік аудит барысында алынған және жиналған ақпарат пен нақты деректерге ғана негіздеуге;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
3. Мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың негізгі қағидаттары мен стандарттарын бұзғаны үшін мемлекеттік аудиторлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес дербес тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауаптылықта болады.
Ескерту. 36-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2020 № 358-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап бір жыл өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Читать еще раз
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы 50-бап. Тексеру комиссиясы және оның лауазымды адамдары тәуелсіздігінің кепілдіктері Конституциялық Кеңесi туралы 11-бап. Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелерiнiң тәуелсiздiгi Конституциялық Кеңесi туралы 12-бап. Конституциялық Кеңес мүшелерiне ешкiмнiң тиiспеуi Бағалы металдар мен асыл тастар туралы 12-бап. Сараптама жүргізу тәртібіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей