Ст. 166 Мемлекеттiк мүлiк туралы 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV
Мемлекеттiк мүлiк туралы
166-бап. Акционерлік қоғамдардың акцияларына және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне мемлекеттің өзіне тиесілі құқықтарын жүзеге асыруын құқықтық реттеу
1. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құруды, акционерлердің (қатысушылардың) құқықтарын, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басқару органдарын құру мен олардың өкілеттігін құқықтық реттеу осы тарауда белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, "Акционерлік қоғамдар туралы", "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасы қатысатын акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы акционердің (қатысушының) акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға қатысу құқығын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Республикалық меншіктегі акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тиісті саланың уәкілетті органына беруі мүмкін. Республикалық меншіктегі акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетіне билік ету құқығы мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органда қалады.
Акциялардың (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырушы тиісті саланың уәкілетті органы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердің жалпы жиналысының (қатысушылардың жалпы жиналысының) құзыретіне жататын мәселелер бойынша акционер (қатысушы) ретінде мемлекеттің мүддесін білдіреді.
3. Әкімшілік-аумақтық бөлініс қатысатын акционерлік қоғамдарда және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде әкімшілік-аумақтық бөліністің акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) акционер (қатысушы) ретінде басқаруға қатысу құқығын жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
4. Алып тастау көзделген - ҚР 26.12.2018 № 202-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. 166-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.12.28. № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.01 N 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
О железнодорожном транспорте Статья 10. Лицензирование Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы Постановление Правительства 956 20.12.2019 О подписании Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Специального административного района Макао Китайской Народной Республики ... Мемлекеттiк мүлiк туралы 119-бап. Мемлекеттік заттай грантты жеке меншікке беру О государственном имуществе Статья 165. Ответственность государственного учрежденияРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей