Ст. 23 Мемлекеттiк құпиялар туралы 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I
Мемлекеттiк құпиялар туралы
23-бап. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің көздерін құпиясыздандырудың тәртібі
1. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің көздері оларды құпияландыру кезінде белгіленген мерзімдерден кешіктірмей құпиясыздандырылады. Егер мемлекеттік органда немесе ұйымда олар құпияландырылған кезде негізге алынған, қолданылып жүрген ережелер өзгерсе, көздер бұл мерзімдер біткенге дейін құпиясыздандырылуға тиіс. Ерекше жағдайларда мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің көздерін құпияландырудың бастапқыда белгіленген мерзімдерін ұзарту құқығы белгіленген тәртіппен өздері тағайындаған сараптама комиссиясы қорытындысының негізінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөнінде өкілеттік берілген басшыларына беріледі.
2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына өздеріне бағынатын лауазымды адамдар негізсіз құпияландырған мәліметтердің көздерін құпиясыздандыру жөнінде өкілеттік беріледі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік мұрағаттарының басшыларына қорды құрушы ұйым немесе оның құқықтық мұрагері оларға мұндай өкілеттік берген жағдайда, бұл мұрағаттардың жабық қорларында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары болып табылатын мәліметтердің көздерін құпиясыздандыру жөнінде өкілеттік беріледі. Қорды құрушы ұйым таратылған және оның құқықтық мұрагері болмаған жағдайда мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің көздерін құпиясыздандыру тәртібі туралы мәселені мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган қарайды.
3. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің көздерін құпиясыздандыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей