Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 22 Мемлекеттiк сатып алу туралы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 30.07.2026

Мемлекеттiк сатып алу туралы
22-бап. Бірыңғай оператордың өкілеттіктері

Бірыңғай оператор:  

1) веб-порталды дамытуды, қолдап отыруды және оларға жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады; 

2) веб-порталды дамыту бойынша жобаларды басқаруды жүзеге асырады, сондай-ақ уәкілетті органмен келісу бойынша веб-порталдың талаптарын айқындайды және ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; 

3) әлеуетті өнім берушілерге веб-порталды пайдалану (оған қол жеткізу) бойынша ақылы негізде қызметтер көрсетеді. Әлеуетті өнім берушілердің веб-порталды пайдалануы (оған қол жеткізуі) бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасын бірыңғай оператор уәкілетті органмен келісу бойынша белгілейді. 

Бұл ретте веб-порталды пайдалану (оған қол жеткізу) бойынша көрсетілетін қызметтердің бағасы бірыңғай оператордың өкілеттіктерін жүзеге асыруға бірыңғай оператор шеккен шығындардың толық өтелуін қамтамасыз етуге тиіс; 

4) мемлекеттік сатып алу субъектілеріне веб-порталдың жұмыс істеуі мәселелері бойынша өтеусіз негізде консультациялық көмек көрсетеді; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

5) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5) мемлекеттік сатып алу субъектілерінің веб-порталда орналастырылған электрондық ақпараттық ресурстарын сақтаудың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді; 

6) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес веб-порталды ақпараттық толықтыруды жүзеге асырады; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

7) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 09.01.2026 № 256-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7) уәкілетті субъектілермен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды; 

8) әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақшаны енгізу және қайтару процесін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен, веб-порталдың құралдарын пайдалана отырып, операциялық қолдап отыруды қамтамасыз етеді; 

9) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен веб-порталды пайдалану қағидаларына сәйкес веб-портал арқылы электрондық қызметтер көрсетеді; 

10) анықтамалықты ендіре отырып, тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге бағалардың дерекқорын ендіруді және қолдап отыруды жүзеге асырады;  

11) әлеуетті өнім берушілер мен өнім берушілердің ақшасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында электрондық әмиян пайдаланылып жүзеге асырылатын операциялар бойынша ақшаны уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған өз шотына орналастырады; 

12) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Ұлттық тауарлардың каталогын қолдап отыруды, дамытуды және толықтыруды жүзеге асырады. 

Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 18.07.2025 № 215-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ӨТКІЗУДІ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ МОНИТОРИНГТЕУ. ШАҒЫМ ЖАСАУ

Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...29

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии









Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться