Ст. 25 Мемлекеттiк сатып алу туралы 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106-VIII ҚРЗ
Мемлекеттiк сатып алу туралы
25-бап. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасау
1. Егер тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттері (әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, әлеуетті өнім беруші конкурс, аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттама орналастырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде олардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне веб-портал арқылы шағым жасауға құқылы. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағым жасалған жағдайда, шарт жасасу мерзімі шағымды қарау мерзімі аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
2. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы осы баптың 1-тармағында көзделген шағымды беру мерзімі өткен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде шағымды қанағаттандыру не қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
3. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылдаған шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Бұл ретте тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының шешіміне әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде шағым жасау мемлекеттік сатып алу рәсімдерін тоқтата тұрмайды.
4. Шағымдарды беру және қарау тәртібі мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады.
5. Шағымды веб-портал арқылы жіберу және қарау жөніндегі талаптар ерекше тәртіп қолданылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
6. Осы бапта көзделген дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібі міндетті болып табылады.
7. Мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын веб-портал автоматты түрде айқындайтын мемлекеттік сатып алудың қорытындыларына осы бапта көзделген тәртіппен шағым жасауға болмайды.
5-тарау. АРНАУЛЫ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ
ЕРЕЖЕЛЕР
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
О товариществах с ограниченной и дополнительной ответственностью Статья 5. Место нахождения и адрес товарищества с ограниченной ответственностью Гражданский Кодекс РК Статья 359. Основания ответственности за нарушение обязательства Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 39-бап. Шекаралық аймақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 52-бап. Аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар режимін бұзу Гражданский Кодекс РК Статья 272. Надлежащее исполнение обязательстваРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей