Ст. 16 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ
Азаматтық қорғау туралы
16-бап. Ұйымдардың азаматтық қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері
1. Ұйымдардың:
1) мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізуге;
2) өздерінің объектілерінде болған авариялардың, оқыс оқиғалар мен өрттердің себептері мен мән-жайларын анықтау жөнінде жұмыстар жүргізуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған шекте азаматтық қорғауды қамтамасыз ету жөнінде әлеуметтік және экономикалық ынталандыру шараларын белгілеуге;
4) азаматтық қорғау мәселелері жөнінде ақпарат алуға;
5) өздері өз қаражаты есебінен ұстайтын мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға, сондай-ақ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті шарттар негізінде тартуға;
6) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуекелдерге бағалау жүргізуге құқығы бар.
2. Ұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға, сондай-ақ мемлекеттік инспекторлардың бұзушылықтарды жою жөнінде берген нұсқамаларын орындауға;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеуге және оларды жүзеге асыруға;
3) өртке қарсы насихат жүргізуге, сондай-ақ өз жұмыскерлерін өрт қауіпсіздігі шараларына оқытуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік емес өртке қарсы қызметті құруға немесе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметпен шарттар жасасуға;
5) өрт сөндіру жүйелері мен құралдарын жарамды күйде ұстауға, олардың мақсатсыз пайдаланылуына жол бермеуге;
6) өрттерді сөндіру, аварияларды жою, олардың туындау және өршу себептері мен жағдайларын анықтау кезінде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының бұзылуына, өрттердің және авариялардың туындауына жол берген тұлғаларды анықтау кезінде жәрдем көрсетуге, азаматтық қорғау күштерінің бөлімшелері ұйымдардың аумақтарында қызметтік міндеттерін жүзеге асырған кезде олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кіруін қамтамасыз етуге;
7) азаматтық қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың және олардың мемлекеттік инспекторларының сұрау салуы бойынша өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйі туралы, оның ішінде өздері өндіретін өнімдердің өрт қауіптілігі туралы, сондай-ақ өз аумақтарында болған өрттер, авариялар, оқыс оқиғалар және олардың салдары туралы мәліметтер мен құжаттарды беруге;
8) өртке қарсы қызметке туындаған өрт туралы, жолдар мен кірме жолдар жай-күйінің өзгеруі туралы дереу хабарлауға;
9) төтенше жағдайлардың туындау қатері туралы немесе туындауы туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен беруге, жұмыскерлер мен халықты құлақтандыруға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, жұмыскерлерге және басқа да азаматтарға төтенше жағдайлардың салдарларынан келтірілген зиянды (нұқсанды) өтеуді қамтамасыз етуге, төтенше жағдайларды жойғаннан кейін қоршаған ортаны сауықтыру, жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметін қалпына келтіру жөнінде іс-шаралар жүргізуге;
11) жұмыскерлерді және өндірістік әрі әлеуметтік мақсаттағы объектілерді төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға міндетті.
3. Қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдар осы баптың 2-тармағына қосымша:
1) Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды қолдануға;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына өндірістік бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;
3) өндірістік ғимараттарды, технологиялық құрылыстарды зерттеп-қарау мен диагностикалауды жүргізуге;
4) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын, сондай-ақ осы Заңның 71-бабының 2-тармағында көрсетілген техникалық құрылғыларға техникалық куәландыруды жүргізуге;
5) қызмет етудің нормативтік мерзімі біткен техникалық құрылғыларға оларды одан әрі қауіпсіз пайдаланудың мүмкін мерзімін анықтау үшін сараптама жүргізуге;
6) белгіленген өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сай келетін лауазымды адамдар мен жұмыскерлерді қауіпті өндірістік объектілердегі жұмысқа жіберуге;
7) қауіпті өндірістік объектілерге бөгде адамдардың кіруін болғызбау жөнінде шаралар қабылдауға;
8) авариялардың, оқыс оқиғалардың, жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларының туындау себептеріне талдау жүргізуге, қауіпті өндірістік факторлардың зиянды әсерінің және олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға;
9) орын алған авария туралы жұмыскерлерге, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметіне, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органдарға, қауіпті өндірістік факторлар туындаған кезде төтенше жағдайдың есепті аймағына жататын халыққа дереу хабарлауға;
10) аварияларды, оқыс оқиғаларды, қауіпті өндірістік объектілерде жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдардың жоғалу жағдайларын есепке алуды жүргізуге;
11) қауіпті өндірістік объектінің қаржылық-экономикалық қызметі жоспарларын әзірлеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмсалатын шығындарды көздеуге;
12) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне жарақаттану және оқыс оқиғалар туралы ақпарат беруге;
12-1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне қауіпті өндірістік объектілерде жарылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылатын жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды есепке алу (кіріс, шығыс, беру және қайтару) жөніндегі ақпаратты беруге;
13) мемлекеттік инспекторды қауіпті өндірістік объектіде болған кезде жеке қорғану құралдарымен, қауіпсіздік аспаптармен қамтамасыз етуге;
14) қызмет етуінің нормативтік мерзімі біткен техникалық құрылғыларды уақтылы жаңартуды қамтамасыз етуге;
15) осы Заңда айқындалған қауіпті өндірістік объектілердің өнеркәсіптік қауіпсіздігін декларациялауға;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қауіпті өндірістік объектінің жұмыскерлер штатының жасақталуын қамтамасыз етуге;
17) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мамандардың, жұмыскерлердің даярлығын, қайта даярлығын және білімін тексеруді қамтамасыз етуге;
18) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен қауіпті өндірістік объектілерде профилактикалық және тау-кен құтқару, газдан құтқару, бұрқаққа қарсы жұмыстарды жүргізуге шарттар жасасуға не өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтерін құруға;
19) алып тасталды - ҚР 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
20) қауіпті өндірістік объектілерді есепке қоюды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;
21) осы Заңға және Қазақстан Республиксының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және таратуға жобалау құжаттамасын келісуге;
22) қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға берген кезде мемлекеттік инспектордың қатысуымен қабылдау сынақтарын, техникалық куәландыруларды жүргізуге;
23) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін жиынтықпен, қажетті техникамен, жабдықпен, сақтандыру және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ете отырып, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы кәсіби объектілік авариялық-құтқару қызметтерін әзірлікте ұстап тұруға;
24) қауіпті өндірістік объектілерде ықтимал аварияларды және олардың салдарларын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;
25) аварияларды жою жоспарына сәйкес жұмыстарды жүргізуге материалдық және қаржылық ресурстардың резервтеріне ие болуға;
26) қауіпті өндірістік объектілерде авария, оқыс оқиға туындаған жағдайда мониторинг жүргізу, байланыс және іс-қимылдарды қолдау жүйелерін құруға және олардың орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
27) қауіпті өндірістік объектілерде авария, оқыс оқиға болған жағдайда жұмыскерлерді іс-қимылдарға оқытуды жүзеге асыруға;
28) жергілікті құлақтандыру жүйелерін құруға және ұдайы әзірлікте ұстап тұруға міндетті.
4. Қауіпті өндірістік объектілері бар және (немесе) олардағы жұмыстарға тартылатын ұйымдарға, егер олар осы объектілерде:
көмірсутек шикізатын геологиялық барлауды қоспағанда, геологиялық барлау жұмыстарын және бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізбестен кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру бойынша тау-кен жұмыстарын;
жүк көтергіш механизмдер пайдаланылатын жұмыстарды;
автожанармай құю станцияларын және астық қабылдау пункттерін пайдалануға байланысты жұмыстарды ғана жүргізсе, осы баптың 3-тармағы 18) тармақшасының күші қолданылмайды
5. Азаматтық қорғаныс бойынша санаттарға жатқызылған ұйымдар осы баптың 2-тармағына қосымша:
1) азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға;
2) объектілік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға;
3) әскери қақтығыстар жүргізу кезінде жұмыскерлерді және объектілерді қорғау бойынша азаматтық қорғаныс іс-шараларын жүзеге асыруға;
4) азаматтық қорғаныс бойынша жұмыскерлерді оқытуды жүзеге асыруға;
5) ұжымдық және жеке қорғану құралдарының запастарын құруға және оларды ұдайы әзірлікте ұстап тұруға;
6) өз объектілерінде авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыруға міндетті.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей