Ст. 74 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ
Азаматтық қорғау туралы
74-бап. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсаттар беру
1. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсат алуға арналған құжаттарды қарауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды қарап шығып, кауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға рұқсатты беру туралы шешім қабылдайды не уәжді бас тартуды ұсынады.
3. Пайдалану процесінде қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялардың, қауіпті техникалық құрылғылардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган оларды қолдануға арналған рұқсатты кері қайтарып алады.
4. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға берілген, кері қайтарып алынған рұқсаттарды есепке алуды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол берілген, қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, қауіпті техникалық құрылғылар туралы ақпарат өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
6. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологияларды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға арналған рұқсаттар Қазақстан Республикасының аумағында барлық нарық субъектiлерi үшiн қолданылады және оларды қайта алу талап етілмейді.
Техникалық құрылғылардың құрамына кіретін тораптарды, детальдарды, аспаптарды, жинақтаушы бұйымдарды, қосалқы бөлшектерді қолдануға, сондай-ақ сәйкестікті растау рәсімінен (сертификаттаудан) өткен техникалық құрылғыларға рұқсаттар беру талап етілмейді.
Ескерту. 74-бап жаңа редакцияда- ҚР 01.04.2021 № 26-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Как можно обжаловать решения судьи по адм нарушение. По канабису. Результаты анализа мед тестов спасибо заранее
Здравствуйте! помогите Как перейти с СНР для субъектов малого бизнеса на основе упрощенной деклорации на СНР с использованием СМП
С 2015 года для субъектов малого бизнеса тоо пЕчать было пО желанию,если тоо открыто 2010 году,может ли гос орган требовать договоре аренды пЕчать
Төтенше жағдай кезінде 471 бап 2 тармағынан уәкілетті орган уақытылы отчет тапсырмаған осы бағытта заң қарастырылған ба
Случился конфликт с главным бухгалтером предприятия, он пользуясь авторитетом убедил руководителя расторгнуть со мной трудовой договор. моего заявления как Приказа на увольнение ещё нет,а он приедставил коллектву нвого руководителя офрмил на него ЭЦП. Меня вынуждают уволиться по собственному желанию создав нетерпимую атмосферу в коллективе и обещая проблемы в последующем (устно). терять работу нет желания но и работать в таких условиях не представляется возможным. Подскажите как поступить в данной ситуации?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей