Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 75 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 08.04.2026

Азаматтық қорғау туралы
75-бап. Жарылғыш заттар мен олардың негiзiнде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға, жарылыс жұмыстарын жүргiзуге рұқсат беру

1. Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды, оның ішінде шетелде шығарылғандарын ұдайы қолдануға рұқсат алуға арналған құжаттарды қарауды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 

2. Сынақтар жүргiзу жөнiндегi комиссияның құрамына өтініш берушінің, аттестатталған ұйымның және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi органның өкiлдерi енгізілуге тиiс. 

3. Жарылғыш заттар мен олардың негiзiнде жасалған бұйымдарды ұдайы қолдануға рұқсатты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкiлеттi орган мыналарды: 

1) жарылғыш заттар мен олардың негiзiнде жасалған бұйымдардың оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада белгiленген талаптарға, оның iшiнде өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарына сәйкестiгiне бақылау сынақтарын; 

2) өндiрiстiк жағдайларда қабылдау сынақтарын қамтитын сынақтар кешенiн жүргiзгеннен кейiн бередi. 

4. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсатты өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі береді. Жарылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру тәртібін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 75-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...73 74 75 76 77 ...109

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе!403 бап күшін қай жылдан,қай айдан бастап алынып тасталды?


Қайырлы күн, медициналық клиникада зиянды заттармен яғни соның ішінде қанмен зәрмен,үлкен дәретпен жұмыс істегені үшін қосымша өтемақы төлеуге мәндетті ме клиника?


Здравствуйте! Прошу дать разъяснение по статье 47 ТК РК. Наше предприятие (ГКП на ПХВ) находится в процессе реорганизации. Согласно Постановлению акимата, на этот период мы переданы "на содержание" в другую организацию (ГККП Дирекция). Бухгалтерия ГККП, ссылаясь на статус "на содержании", выплачивает нам только "голые" оклады, отменив все надбавки и доплаты, которые были прописаны в наших действующих трудовых договорах. Доп. соглашений мы не подписывали. Вопрос: Правомерны ли действия бухгалтерии? Обязаны ли нам сохранять все условия оплаты труда в полном объеме на основании ст. 47 ТК РК?


Покупатель заключил договор купли продажи, заплатил но при осмотре объекта продажи отказался от покупки и потребовал расторгнуть договор, в этом случае возвращается ли сумма продажи Покупателю



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться