Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 93 Азаматтық қорғау туралы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.09.2024

Азаматтық қорғау туралы
93-бап. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын орналастыру

1. Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтары мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарында және мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерiнде сақталады. 

2. Мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары, мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын сақтау пункттерi және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттiк резервтiң сақтауға берiлген материалдық құндылықтарының сапасы мен саны жағынан сақталуына жауапты болады. 

2-1. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне қойылатын өлшемшарттар мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларында айқындалады. 

3. Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын сақтауды жүзеге асыратын ұйымдардың тізбесі, осы құндылықтардың атауы мен оларды сақтау көлемі мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасына және сақтау көлемдерінде айқындалады. 

4. Жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жұмылдыру тапсырыстарына сәйкес сақтауды, олардың орнын ауыстыруды, уақтылы жаңартылуын, сондай-ақ оларды өткізу кезінде босатуды қамтамасыз етуге міндетті. 

Кейіннен өздерінен жұмылдыру тапсырыстары алынған және жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары броньнан шығарылған жағдайда, оларды сақтау мемелекеттік резервтен толық шығарылғанға дейін жүзеге асырылады. 

5. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар, мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдары мемлекеттің резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және олардың қозғалысы туралы есептер береді. 

6. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар өздерінің бейіні өзгерген, қайта ұйымдастырылған, жекешелендірілген не таратылған жағдайларда, көрсетілген рәсімдерді жүргізу туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган мен тиісті орталық атқарушы органдарды хабардар етеді. 

Ескерту. 93-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК РЕЗЕРВТІ ПАЙДАЛАНУ

Статья 1 ...91 92 93 94 94‑1 ...109

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.

Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192



Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?


здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.


Добрый день!

Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться