Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 1 Өсiмдiктер карантинi туралы 1999 жылғы 11 ақпандағы N 344-I


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Өсiмдiктер карантинi туралы
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:  

1) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

1-1) бөтен текті түр Қазақстан Республикасының флорасы мен фаунасында жоқ, пайда бола қалған жағдайда елеулі экономикалық және экологиялық залал келтіруі мүмкін жәндіктің, өсімдік ауруларын қоздырушының және арамшөптің түрі; 

2) алып тасталды - ҚР 16.07.2015 № 330-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен; 

2-1) зертханалық сараптама – карантинге жатқызылған өнімнің, өсімдіктер зиянкестерінің, өсімдік ауруларын қоздырғыштардың және арамшөптердің түрлік құрамын және олардың карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерге жататынын айқындау мақсатында олардың үлгілерін зерттеу; 

3) алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

4) карантинге жатқызылған өнiм (карантинге жатқызылған жүктер, карантинге жатқызылған материалдар, карантинге жатқызылған тауарлар) (бұдан әрі - карантинге жатқызылған өнiм) - карантиндi объектiлердi тасығыштар болуы және (немесе) олардың таралуына әсер етуі мүмкін, карантинге жатқызылған өнiм тізбесіне енгізілген және оларға қатысты карантиндік фитосанитариялық шаралар қабылдау қажет болатын өсімдіктер, өсімдіктен алынатын өнім, ыдыс, орам, жүктер, топырақ, организмдер немесе материалдар; 

4-1) карантинге жатқызылған өнiмнің тізбесі - мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалауға жататын карантинге жатқызылған өнiмнің тізбесі; 

5) карантинді аймақ - карантинді объектінің анықталуына байланысты белгіленген тәртіппен карантинге жатқызылған деп жарияланған аумақ;  

6) карантинді объект – өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін, Қазақстан Республикасының аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, Еуразиялық экономикалық одақтың карантинді объектілердің бірыңғай тізбесіне және (немесе) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөп; 

6-1) карантиндік режим – карантинді объектінің таралу ошағын жоюға, карантинді объектінің таралуына жол бермеу мақсатында шаруашылық байланыстарды шектеуге немесе тоқтатуға және карантинді аймақ аумағынан карантинге жатқызылған өнімді тасымалдауды (өткізуді) тоқтата тұруға бағытталған өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды міндетті түрде жүргізуді көздейтін құқықтық режим; 

7) карантинді объектінің таралу ошағы - карантинді объект анықталған және өсімдік карантині жөнінде іс-шаралар жүзеге асырылуға тиіс немесе жүзеге асырылып жатқан аумақ;  

8) карантиндік сертификат - мемлекет ішінде тасымалдауға арналған карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;  

9) алып тасталды - ҚР 28.10.2019 № 268-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

9-1) қарап-тексеру карантинге жатқызылған өнімді, көлік құралдарын және тасымалдауға арналған бейімдемелерді (оның ішінде көлік құралдарының кабиналарын, салондарын, багаж және жүк бөлімшелерін, контейнерлерді), жеке тұлғалардың қол жүгі мен багажын көріп зерттеп-қарау; 

9-2) құжаттамалық мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау — карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық қауіпсіздігінің Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ ғылыми-зерттеу мақсаттарында карантинді объектілерді әкелуге, әкетуге немесе олардың транзитіне рұқсат беруге өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган келісімінің болуын растайтын карантиндік құжаттарды тексеру; 

9-3) құқық шектеу шарасы – өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті орган жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданатын карантиндік фитосанитариялық шара; 

9-4) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау – өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын тексерілетін субъектілердің сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін; 

9-5) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалау өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының талаптарын тексерілетін субъектілердің сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оның нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін; 

10) өсiмдiктер карантинi жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – өсiмдiктер карантинi саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 

10-1) өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес функцияларды жүзеге асыратын ұйым; 

11) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар – карантинді объектілердің таралу ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою, залалданған карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын зарарсыздандыру және тазарту, карантинге жатқызылған өнiмді қайтару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған іс-шаралар жүйесі; 

12) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық мемлекеттік кәсіпорын - Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;  

13) алып тасталды - ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

14) өсімдіктер карантині (фитосанитариялық қорғау) - Қазақстан Республикасының өсімдік ресурстары мен өсімдіктен алынатын өнімін карантинді объектілерден қорғауға бағытталған, өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар жүйесін көздейтін құқықтық режим; 

14-1) уақытша карантиндік фитосанитариялық шаралар – Қазақстан Республикасының аумағын карантинді объектілердің әкелінуінен және (немесе) одан әрі таралуынан қорғауды қамтамасыз ету не олар келтіретін зиянды төмендету мақсатында қолданылатын, басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелуге және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы карантинге жатқызылған өнімнің транзитіне тыйым салу немесе оларды шектеу; 

15) фитосанитариялық бақылау бекеті – уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттері (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында, сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы карантинге жатқызылған өнімді өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда орналасқан, қажетті жабдықпен және аспаптармен жарақтандырылған, мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық қадағалауды және (немесе) карантинге жатқызылған өнімнің әкелінуі, транзиті туралы алдын ала ақпаратты қабылдауды жүзеге асыратын бөлімшесі; 

16) фитосанитариялық сертификат - карантинге жатқызылған экспорттық өнімнің карантиндік жай-күйін куәландыратын құжат;  

17) фитосанитариялық тәуекелді бағалау - қолданылуы мүмкін карантиндік фитосанитариялық шараларды ескере отырып, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен уәкілетті орган жүргізетін, карантинді объектілердің ену, орнығу немесе таралу ықтималдығын және осыған байланысты болатын әлеуетті биологиялық және экономикалық зардаптарды ғылыми негізделген бағалау; 

17-1) фитосанитариялық тәуекелді талдау – карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерді айқындау және олар бойынша тиісті карантиндік фитосанитариялық шараларды және өсімдіктер карантині жөнінде іс-шараларды қолдану мақсатында биологиялық, ғылыми және экономикалық деректерді зерделеу, зерттеу және бағалау процесі; 

17-2) шұғыл шаралар – Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет немесе жаңадан анықталған карантинді объектілердің таралу ошақтарын дереу оқшаулау және жою жөніндегі іс-шаралар. 

18) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.17 № 189-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2011.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.11.2014 № 249-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен күнтізбелік тоқсан күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (12.02.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.07.2015 № 330-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 2 3 ...21

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться