Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 11 Коллекторлық қызмет туралы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Коллекторлық қызмет туралы
11-бап. Коллекторлық қызмет құпиясы

1. Коллекторлық қызмет құпиясы коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттік алған және (немесе) жасаған борышкер, кредитор, берешек туралы, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде креди торға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалар, берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттардың талап тары туралы кез келген мәліметтер мен өзге де мәліметтерді қамтиды. 

2. Борышкерге қатысты коллекторлық қызмет құпиясы борышкердің өзіне, борышкердің жазбаша келiсiмi, оның ішінде банктік қарыз шартын жасасу кезінде - банк құпиясын ашуға немесе микрокредит беру туралы шартты жасасу кезінде микрокредит беру құпиясын ашуға берген жазбаша келісімі негiзiнде үшiншi тұлғаға, сондай-ақ осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген тұлғаларға ғана ашылуы мүмкiн. 

3. Коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттік алған және (немесе) жасаған борышкер, кредитор, берешек туралы, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалар, берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттардың талаптары туралы мәліметтер мен өзге де мәліметтер: 

1) қылмыстық қудалау функциясын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға және лауазымды адамдарға: олардың іс жүргізуінде жатқан қылмыстық iстер бойынша, мөрмен расталған және прокурор санкциялаған жазбаша сұрау салу негiзiнде; 

2) соттарға: олардың іс жүргізуінде жатқан iстер бойынша, сот ұйғарымы, қаулысы, шешімі және үкімі негізінде;  

3) мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына: олардың іс жүргізуінде жатқан атқарушылық іс жүргізу істері бойынша, сот орындаушысының прокурор санкциялаған, әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен расталған қаулысы негізінде; 

4) прокурорға: оның қарауында жатқан материал бойынша, өз құзыреті шегінде тексеру жүргізу туралы қаулы негізінде; 

5) мемлекеттік кіріс органдарына: тексерілетін тұлғаға салық салуға байланысты мәселелер бойынша, нұсқама негізінде; 

6) борышкердің өкілдеріне: нотариат куәландырған сенімхат негізінде; 

7) оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға: өзі жөнінде соттың банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген шешімі бар тұлғаға қатысты, банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалғанға дейін бес жыл ішіндегі кезең үшін, прокурордың санкциясымен; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

8) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

8) уәкілетті органға: коллекторлық агенттіктердің қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша беріледі. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

9), 10) тармақшалармен толықтыру көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Борышкерге қатысты коллекторлық қызметті жүзеге асыру кезінде коллекторлық агенттік алған және (немесе) жасаған борышкер, кредитор туралы, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндет темелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалар, берешек, берешекті өндіріп алу туралы жасалған шарттардың талаптары туралы мәліметтер мен өзге де мәліметтер осы баптың 3-тармағында көзделген тұлғалардан басқа, сондай-ақ жазбаша сұрау салу негізінде: 

1) борышкер өсиетте көрсеткен тұлғаларға;  

2) нотариустарға: өздерінің іс жүргiзуіндегі мұрагерлiк iстер бойынша нотариустың сұрау салуы негiзiнде; 

3) шетелдік консулдық мекемелерге: олардың іс жүргізуінде жатқан мұрагерлік істер бойынша беріледі.  

5. Мыналар:  

1) коллекторлық агенттіктердің "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кредиттік бюроларға ақпарат беруі және кредиттік бюролардың берешек бөлігінде борышкер туралы ақпарат беруі; 

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен уәкілетті орган арасында ақпарат, оның ішінде коллекторлық қызмет құпиясын құрайтын мәліметтер алмасу; 

3) мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқарушылық функцияларды орындайтын адамның қылмыстық қудалау органына қылмыстық құқық бұзушылық туралы хабар жіберілген кезде растау құжаттары мен материалдар ретінде коллекторлық қызмет құпиясын қамтитын құжаттар мен мәліметтерді ұсынуы коллекторлық қызмет құпиясын ашу болып табылмайды. 

Коллекторлық қызметтің құпиясы банк омбудсманына оның қарауында жатқан, жеке тұлғалардың ол бойынша міндеттемелер "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабының 3 және 4-тармақтарында немесе "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғаға берілген банктік қарыз шартынан немесе микрокредит беру туралы шарттан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу жөніндегі жүгінулері бойынша ашылуы мүмкін. 

6. Осы Заңның және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарының негізінде Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтерге қол жеткізген коллекторлық агенттіктер, сондай-ақ өзге де тұлғалар көрсетілген мәлiметтердi жария еткенi немесе заңсыз пайдаланғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап үш ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...9 10 11 12 13 ...22

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться