Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 9 Коллекторлық қызмет туралы 2017 жылғы 6 мамырдағы № 62-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Коллекторлық қызмет туралы
9-бап. Коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару негіздері

1. Мынадай: 

1) коллекторлық агенттік және (немесе) оның борышкерлермен өзара іс-қимыл жасайтын жұмыскерлері осы Заңның 5-бабы 5-тармағының 7) және 8) тармақшаларында, 5-1-тармағында көзделген жосықсыз әрекеттердің біреуін қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үш және одан көп рет жасаған; 

1-1) есептік тіркеуден өту үшін ұсынылған құжаттарда анық емес мәліметтер мен ақпараттар анықталған; 

1-2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген жарғылық капиталдың ең төмен мөлшері жөніндегі талаптар сақталмаған; 

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ұсынылуы талап етілетін есептілік белгіленген мерзімде бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан көп рет) ұсынылмаған немесе уақтылы ұсынылмаған; 

3) коллекторлық агенттік уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес талап етілетін ақпаратты бермеген, уақтылы бермеген не коллекторлық агенттік уәкілетті органға Қазақстан Республикасының коллекторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес ұсынылуы талап етілетін мәліметтерді қамтымайтын ақпарат берген не сұралатын өзге ақпаратты бермеген, уақтылы бермеген не анық емес ақпарат берген, коллекторлық агенттік оны қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үштен көп рет жасаған; 

4) коллекторлық агенттік өзі қабылдаған және (немесе) өзіне уәкілетті орган шектеулі ықпал ету шараларын қолдану арқылы жүктеген міндеттерді орындамаған, уақтылы орындамаған, коллекторлық агенттік оны қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде үштен көп рет жасаған; 

5) қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде коллекторлық қызметті жүзеге асырмаған; 

6) коллекторлық агенттіктің қызметін тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енген; 

7) коллекторлық агенттік күнтізбелік соңғы он екі айда тексеру жүргізуге үш және одан да көп рет кедергі келтірген; 

8) коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайларда, коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығарылады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 8) тармақшасында көзделген жағдайда, коллекторлық агенттіктің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығару туралы өтінішіне барлық міндеттемелердің орындалғанын растау, сондай-ақ баланста бұрын алынған құқықтардың (талап етулердің) жоқ екені туралы хат қоса беріледі. 

2. Коллекторлық агенттік коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығарылған жағдайда, уәкілетті орган оны шығарылған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде бұл туралы жазбаша түрде хабардар етеді. 

Хабарлама есептік тіркеуден өтуге арналған өтініште не коллекторлық агенттіктің тұрған жерінің өзгергені туралы жазбаша хабарламада көрсетілген мекенжай бойынша жіберіледі. 

3. Уәкілетті органның коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен алып тастау туралы шешіміне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. 

Уәкілетті органның коллекторлық агенттікті коллекторлық агенттіктер тізілімінен алып тастау туралы шешіміне шағым жасау осы шешімнің орындалуын тоқтата тұрмайды. 

4. Коллекторлық агенттік өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған кезден бастап оның берешекті өндіріп алу туралы жаңа шарттар жасасуына және (немесе) банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтардың (талап етулердің) коллекторлық агенттікке өту жағдайларын қамтитын шарттар (бұдан әрі - талап ету құқығын басқаға беру шарты) жасасуына тыйым салынады. 

5. Коллекторлық агенттік өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен не коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде:  

өз атауынан "коллекторлық агенттік" деген сөздерді, олардан туындайтын, өзін коллекторлық қызметті жүзеге асырады деп болжататын сөздерді алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге; 

өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған не коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған күнге, берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде коллекторлық агенттікке берілген берешек жөніндегі барлық мәліметтер мен құжаттарды кредиторға беруге; 

өзіне банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлғаға не оның нұсқауы бойынша мұндай тұлға сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан сервистік компанияға уәкілетті органның оны коллекторлық агенттіктердің тізілімінен шығарылғаны туралы хабарламасын алған не коллекторлық агенттік коллекторлық қызметті жүзеге асыруды ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған күнге, сенімгерлік басқару шарты негізінде коллекторлық агенттікке берілген, банктік қарыз шарттары және (немесе) микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) бойынша барлық мәліметтер мен құжаттарды беруге; 

берешекті өндіріп алу туралы жасалған барлық шарттарды және (немесе) сенімгерлік басқару шарттарын бұзуға міндетті. 

Кредитор берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде коллекторлық агенттікке берілген берешек жөніндегі мәліметтер мен құжаттардың қабылдануын қамтамасыз етуге, сондай-ақ бұрын осы коллекторлық агенттікпен жасалған берешекті өндіріп алу туралы шарттарды бұзу жөнінде шаралар қабылдауға міндетті. 

Өзіне банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтар (талаптар) берілген тұлға не мұндай тұлға сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасқан сервистік компания осы тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацында көзделген жағдайда, мәліметтер мен құжаттардың қабылдануын қамтамасыз етуге міндетті. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жүзеге асырмаған жағдайда, коллекторлық агенттік Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп таратылуға жатады. 

6. Коллекторлық агенттік өзінің коллекторлық агенттіктер тізілімінен шығарылғаны туралы уәкілетті органның хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бұл туралы: 

берешекті өндіріп алу туралы шарттар жасасқан кредиторларды; 

сенімгерлік басқару шартында көзделген тәсілдермен өздерімен сенімгерлік басқару шарттары жасалған тұлғаларды; 

берешегі коллекторлық агенттікке берешекті өндіріп алу туралы шарт негізінде берілген борышкерлерді осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген тәсілдермен; 

өздеріне банктік қарыз шарттары немесе микрокредит беру туралы шарттар бойынша құқықтар (талаптар) сенімгерлік басқару шарттары негізінде берілген борышкерлерді осы Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген тәсілдермен хабардар етуге міндетті. 

Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 133-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...22

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться