Ст. 56 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV
Бәсекелестiк туралы
56-бап. Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат бойынша шешім
1. Монополияға қарсы орган экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша: 1) экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы;
2) дәлелді қорытынды бере отырып, экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.
2. Монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы шешімі монополияға қарсы органның актісімен ресімделеді және осындай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде өтінішхат беруші тұлғаға, ал қаржылық ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне де жіберіледі.
3. Монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешімі экономикалық шоғырлануға қатысушылардың экономикалық шоғырланудың бәсекелестікке теріс ықпалын жоятын немесе бәсеңдететін белгілі бір талаптар мен міндеттемелерді орындауымен байланыстырылуы мүмкін. Мұндай шарттар мен міндеттемелер, оның ішінде мүлікті басқару, пайдалану немесе оған билік ету жөніндегі шектеулерге қатысты болуы мүмкін.
4. Экономикалық шоғырлану монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы шешімі қабылданған күннен бастап бір жыл ішінде жүзеге асырылуға тиіс. Егер экономикалық шоғырлану белгіленген мерзімде жүзеге асырылмаса, экономикалық шоғырлануға қатысушылар экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы жаңа өтінішхат береді.
5. Монополияға қарсы орган өз бастамасы бойынша не мүдделі тұлғаның өтініші бойынша:
1) егер шешім қабылданғаннан кейін үш жыл ішінде осы шешімді қабылдаудан бас тартылуға тиіс екендігіне негіз болатын мән-жайлар белгілі болған;
2) егер шешім экономикалық шоғырлануды жүзеге асыру туралы өтінішхат берген тұлға ұсынған дәйексіз ақпарат негізінде қабылданса, мұның өзі заңсыз шешім қабылдауға алып келген;
3) экономикалық шоғырланудың қатысушылары монополияға қарсы органның шешіміне орай туындаған талаптар мен міндеттемелерді орындамаған жағдайларда, экономикалық шоғырлануға келісім беру немесе оған тыйым салу туралы шешімін қайта қарауы мүмкін.
6. Шешімді қайта қарау нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган:
1) шешімді өзгеріссіз қалдырады;
2) шешімді өзгертеді;
3) шешімнің күшін жояды;
4) жаңа шешім қабылдайды.
7. Егер монополияға қарсы орган шешімді қайта қарау нәтижелері бойынша экономикалық шоғырлануға берілген келісімнің күшін жою туралы шешім қабылдаса, нарық субъектісін, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу монополияға қарсы органның талап қоюы бойынша сот тәртібімен заңсыз деп танылады және күші жойылады.
8. Өтініш беруші монополияға қарсы органның бұрын қабылдаған шешімін өзгерте алатын қосымша ақпарат пен құжаттарды қарау үшін осы Заңда белгіленген тәртіппен өтінішхат береді.
9. Монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға бұрын қабылданған шешімін қайта қарау жөніндегі шешімі монополияға қарсы органның актісімен ресімделеді және мұндай шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде мүдделі тұлғаға жіберіледі.
Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Адвокат Тлепов Асылбек Кайратович 87082207192 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы или онлайн
Александр
michaelbates
Запутались в законах и не знаете как защитить свои права. Сложно подготовиться к судебному процессу или допросу.
Своевременное обращение к адвокату позволит получить ответы на Ваши вопросы и грамотно сформировать свою позицию. 87082207192
Согласно Статья 111. В первую очередь удовлетворяются требования по взысканию алиментов;
Здравствуйте. Какой ОКЭД применять, если у меня есть YouTube-канал, и я получаю деньги с Google Adsense (с рекламы, которую YouTube показывает в моих роликах)?
здравствуйте! может ли ИП предоставлять услуги дворника, сторожа и вахтёра одновременно? ОКЭД 81.10.
Добрый день!
Подскажите пожалуйста если Постановление о взыскании алиментов поступило на место работы истца после постановления о взыскании оплаты по кредитам могут ли юристы ссылаясь на этот факт оплатить выплаты по алиментам в последнюю очередь? Выплаты не производились так как поступления по заработной плате только пришли на место работы истца.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей