Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 64 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV


Утратил силу

Бәсекелестiк туралы
64-бап. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеу жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері

1. Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының тергеу жүргізу кезінде:

1) тергеу объектісінің аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;

2) тергеу нысанасына сәйкес тергеу объектісінің автоматтандырылған деректер базасына (ақпараттық жүйелеріне) қол жеткізуге;

3) монополияға қарсы орган белгілеген, бес жұмыс күнінен кем болмайтын мерзімде тергеп-тексеру объектісінің басшыларынан, лауазымды адамдарынан және басқа да қызметкерлерінен тергеп-тексеру нысанасына қатысты қажетті ақпаратты, құжаттарды немесе олардың көшірмелерін, тергеп-тексеру барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша түрде түсініктемелер сұратуға және алуға;

4) тергеп-тексеру жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік органдарының мамандарын және өзге де адамдарды сарапшылар ретінде тартуға;

5) тергеп-тексеру объектісінің аумақтарын, үй-жайларын (тұрғынжайын қоспағанда), құжаттарын және заттарын, оның ішінде тергеп-тексеру объектісінің, оның өкілінің, сондай-ақ монополияға қарсы орган тергеп-тексеруге қатысуға тартатын өзге де адамдардың қатысуымен қарап-тексеруге құқығы бар.

2. Тергеу объектісінің басшысы және (немесе) лауазымды адамы монополияға қарсы органның тергеу жүргізуге жауапты лауазымды адамының ауызша сауал салуы бойынша ақпаратты, құжаттарды немесе олардың көшірмелерін, сондай-ақ жазбаша немесе ауызша түсініктемелерді беруден бас тартқан жағдайда, оларға тиісінше жазбаша сауал салу тапсырылады. Жазбаша сауал салуды тергеу объектісінің басшысына тапсыру мүмкін болмаған жағдайда сауал салу тергеу объектісі басшысының атына хабарламалы тапсырыс хатпен почта байланысы арқылы жіберіледі.

3. Сұратылатын ақпаратты тергеу объектісінің коммерциялық құпиясына жатқызу тергеуді жүзеге асыратын монополияға қарсы органның лауазымды адамдарына ақпарат беруден бас тарту үшін негіз бола алмайды.

Монополияға қарсы органның лауазымды адамдарының аталған ақпаратты пайдалануы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және өзге де заңмен қорғалатын ақпаратты жария етуге қойылатын талаптар сақтала отырып жүзеге асырылуға тиіс.

3-1. Нарық субъектiсi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратты құпия ақпаратқа жатқызған жағдайда монополияға қарсы органға мәлiметтердi берген кезде нарық субъектiсi белгi қою арқылы оның сипатының құпиялылығын көрсетуге мiндеттi.

4. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ақпаратты басқа мемлекеттік органға беру жағдайларын қоспағанда, тергеу барысында тергеу объектісі туралы монополияға қарсы орган алған кез келген ақпарат таратылуға жатпайды.

5. Монополияға қарсы органның тергеуді жүзеге асыратын лауазымды адамдарының тергеу нысанасына қатысы жоқ талаптар қоюына және өтінішпен жүгінуіне тыйым салынады.

6. Бұзушылықтар және тергеу жүргізу туралы мәліметтерді қараған кезде монополияға қарсы органның лауазымды адамдары:

1) дәлелдемелердің жан-жақты, толық және объективті жиналуы және зерттелуі үшін барлық шараларды қабылдауға;

2) тергеп-тексерудің нәтижелері бойынша қорытындыны уақтылы дайындауға;

3) алып тасталды - ҚР 05.05.2015 № 312-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) аумақтық органдар тергеп-тексерулер жүргізу туралы бұйрықтарға қол қойған күннен бастап үш жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы құжаттардың көшірмелерін орталық мемлекеттік органға жіберуге міндетті.

 Ескерту. 64-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.03.2013 N 81-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...62 63 64 65 66 ...81

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте


несет ли водитель ответственность за перевозимый груз без сопровождающего лица?


Доброго времени суток! Как осуществляется передача в доверительное управления инфраструктуры, находящейся на земле вторичного землепользования (земля у субарендатора) другому лицу, которой является первичным землепользователям данных земель. То есть инфраструктура принадлежит первому лицу, а земля на которой это инфраструктура второму лицу. Первая лицо хочет передать управления инфраструктурой второму лицу.


Доброго времени суток!Помогите пож-та какими законами и действиями воздействовать на соседа в многоквартирном ЖК ?Сосед из 3 х комнатной квартиры делает две квартиры двухкомнатную и однокомнатную квартиру с общим коридором не выходящим на общедомовое имущество,т.е внутри его собственности будет разделение входных дверей в две квартиры.Стены между квартирами он воздвиг сам ,не от застройщика,не имея на сегодняшний день никаких разрешений и документов у него произведено сложное переоборудование .Сначала он должен был получить разрешение от Архитектуры,БТИ,Рэк и уже после приступать к ремонту.И в некоторых источниках написано,что мы смежные соседи должны дать своё разрешение.Ведь будут затронуты наши интересы,во первых такие варианты квартир покупают для посуточного бизнеса и нам будет идти нагрузка на весь подьезд по шуму и чистоте ,во вторых мы смежные соседи будем постоянно сталкиваться с большим кол-вом жильцов,когда покупали мы свои квартиры нас привлекло на площадке именно малое кол-во квартир,а теперь добавится ещё квартира .Я не согласна с таким добавлением квартир .


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться