Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 67 Бәсекелестiк туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы N 112-IV


Утратил силу

Бәсекелестiк туралы
67-бап. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу нәтижелері бойынша монополияға қарсы органның шешімдері

1. Монополияға қарсы органның лауазымды адамы Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу нәтижелері бойынша қорытынды әзірлейді, оның негізінде монополияға қарсы орган:

1) осы Заңның 66-бабында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеуді тоқтату туралы;

2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау туралы;

3) Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын жою туралы нұсқама шығару туралы;

4) қылмыстық іс қозғау үшін материалдарды құқық қорғау органдарына беру туралы тиісті шешім (шешімдер) қабылдайды.

2. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу нәтижелері бойынша қорытындыға монополияға қарсы органның лауазымды адамы (лауазымды адамдары) қол қойған күн тергеудің аяқталуы болып есептеледі.

3.  Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасының бұзылуын тергеу нәтижелері туралы қорытындыны бекіту тергеу аяқталған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде монополияға қарсы органның бұйрығымен ресімделеді.

4. Тергеп-тексеру нәтижелерi бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрықтың көшірмесі қол қойылған күнінен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей, тергеп-тексерудің нәтижелерi бойынша қорытынды қоса беріле отырып, тергеп-тексеру объектiсiне тапсырылады немесе хабарламалы хатпен жiберiледi. Өтiнiш берушi қабылданған шешiм туралы нақ сол мерзiмде хабардар етiледi.

5. Тергеу нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрыққа қол қойылған (шешім қабылданған) күн әкімшілік құқық бұзушылықты жасау фактілері анықталған кез болып есептеледі.

6. Тергеу объектісі тергеу нәтижелері бойынша қорытындыны бекіту туралы бұйрыққа Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасында көзделген тәртіппен сотқа шағым бере алады.

 Ескерту. 67-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.03.2013 N 81-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 05.05.2015 № 312-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
10-тарау. Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзудың жолын кесу және монополияға қарсы органның нұсқамаларын қайта қарау

Статья 1 ...65 66 67 68 69 ...81

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?


Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.


Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?


Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться