Ст. 22 Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы 2004 жылғы 6 шілдедегі N 573
Қазақстан Республикасындағы кредиттiк бюролар және кредиттiк тарихты қалыптастыру туралы
22-бап. Кредиттiк тарих субъектiсiнің құқықтары
Кредиттiк тарих субъектiсi: 1) мемлекет қатысатын кредиттік бюроны қоспағанда, ақпарат беруші ақпарат беру туралы шарт жасасқан кредиттік бюроларға ақпарат берушiге кредиттiк тарихты қалыптастыру үшiн өзi жайында мәлiметтер табыс ету туралы келiсiм беруге;
2) кредиттiк есептi алушыға өзi туралы кредиттiк есептi алуына келiсiм беруге;
3) кредиттiк бюроға өзi туралы ақпарат түскен кезден бастап, осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес өзi туралы кредиттiк есептi алуға;
4) кредиттiк есептi алушыдан кредит алуға оның өтінiмiн қараған кезде кредиттiк есеппен таныстыруды не алушы кредиттiк бюродан алған кредиттiк есептiң көшiрмесiн кредиттiк есептi алушының iшкi ережелерiне сәйкес берудi талап етуге;
5) кредиттiк есептегi ақпаратпен, беруші туралы ақпарат алу мүмкiндiгiмен келiспеушілiктi мәлiмдеуге;
6) алушыға берiлген кредиттiк есепте кредиттiк бюро қызметкерлерінің әрекетi немесе әрекетсiздiгі салдарынан ақпарат берушiлер кредиттiк бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтiн ақпарат болса, кредиттiк бюролардан түзетiлген кредиттiк есептi сұратуға;
7) дәйектемесiз ақпаратты түзету туралы талаппен ақпарат берушiге жүгінуге;"
8) банктік қарыздар, микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын кредиттік бюрода не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тегін белгілеуге не оны алып тастауға құқылы. Осы тармақшада көзделген құқық заңды тұлға болып табылатын кредиттік тарих субъектісіне қолданылмайды.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (01.09.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
5-тарау. Кредиттік бюроларға ақпарат беру
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей