Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 17 Кредиттiк серiктестiктер туралы 2003 жылғы 28 наурыздағы N 400


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

Кредиттiк серiктестiктер туралы
17-бап. Кредиттік серіктестіктердің қызметі

1. Кредиттік серіктестіктердің "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген микроқаржылық қызметті жүзеге асыруды қоспағанда, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына тыйым салынады.

2. Кредиттік серіктестіктер өз қызметін кредиттік серіктестіктің жоғары органы – кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы бекітетін, кредиттік серіктестіктің микрокредиттер беру қағидаларының, кредиттік комитет туралы ережесінің және ішкі ережелерінің негізінде жүзеге асырады.

3. Микрокредиттер беру қағидаларының мазмұнына қойылатын талаптар "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген.

4. Кредиттік серіктестіктің ішкі ережелерінде:

1) құрылымдық бөлімшелердің құрылымы, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері;

2) құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқықтары мен міндеттері;

3) кредиттік серіктестіктің лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің кредиттік серіктестіктің атынан және оның есебінен мәмілелерді жүзеге асырған кездегі өкілеттіктері айқындалуға тиіс.

5. Кредиттік серіктестіктің кредиттік комитеті туралы ережеде:

1) кредиттік комитеттің құрылымы, міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері;

2) кредиттік комитет мүшелерінің жауапкершілігі;

3) кредиттік шарттарды бекіту рәсімі;

4) кредиттік серіктестіктің жоғары және атқарушы органдарының, сондай-ақ оның лауазымды тұлғаларының қарыз мөлшеріне қарай оны беру туралы шешім қабылдау жөніндегі өкілеттіктері айқындалуға тиіс.

Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.12.23 N 107 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...15 16 17 18 19 ...29

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться