Ст. 16 Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы
Магистральдық құбыр туралы
16-бап. Жаңадан салынатын магистральдық құбыр жобасына қатысуға мемлекеттің басым құқығын іске асыру тәртібі
1. Энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы жаңадан салынатын магистральдық құбыр жобасына елу бір пайыздан кем емес мөлшерде қатысудың басым құқығына (бұдан әрі – мемлекеттің басым құқығы) ие болады. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттің басым құқығын іске асырады.
3. Магистральдық құбыр салуды жүзеге асыру ниеті бар тұлға уәкілетті органға магистральдық құбыр салу жобасына мемлекеттің қатысуына коммерциялық ұсыныс (бұдан әрі – коммерциялық ұсыныс) жолдайды.
Уәкілетті орган коммерциялық ұсынысты алған кезден бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына береді.
4. Коммерциялық ұсыныста:
1) магистральдық құбыр салудың негізделген есептерін қамтитын, іске асырылатын жобаның құны туралы мәліметтер;
2) салынуға жататын магистральдық құбырдың техникалық сипаттамалары қамтылуға тиіс.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті органның коммерциялық ұсынысы берілген кезден бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мемлекеттің басым құқығын іске асыру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
6. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің қабылдаған шешімі туралы магистральдық құбыр салуды жүзеге асыру ниеті бар тұлғаны шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жазбаша түрде хабардар етеді.
7. Егер Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттің басым құқығынан бас тартқан не уәкілетті орган осы баптың 6-тармағында белгіленген мерзімде жазбаша хабарлама жібермеген жағдайда, магистральдық құбыр салуды жүзеге асыру ниеті бар тұлға өзге тұлғаларға жаңадан салынатын магистральдық құбыр жобасына қатысуды ұсынуға не магистральдық құбыр салуды өз бетінше жүзеге асыруға құқылы. Бұл ретте өзге тұлғалардың магистральдық құбыр салуға қатысу шарттары оның Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынған шарттарынан неғұрлым тиімді бола алмайды.
8. Қазақстан Республикасының Үкіметі жаңадан салынатын магистральдық құбыр жобасына елу бір пайыздан кем мөлшерде қатысу туралы шешім қабылдауға құқылы.
9. Осы баптың ережелері қазіргі бар магистральдық құбырды кеңейту жағдайларына қолданылмайды.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей