Ст. 24 Магистральдық құбыр туралы 2012 жылғы 22 маусымдағы № 20-V Заңы
Магистральдық құбыр туралы
24-бап. Өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерге қол жеткізу тәртібі
1. Магистральдық құбырдың еркін өткізу қуаты бар кезінде магистральдық құбырдың меншік иесі не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлға немесе олардың атынан жөнелтушілерге өнімді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетуге уәкілеттік берілген оператор Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді ескере отырып, барлық жөнелтушілерге өнімді магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерге қолжетімділікті ұсынудың тең жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті. 2. Магистральдық құбырдың шектеулі өткізу қуаты кезінде мынадай кезектілік тәртібімен:
1) Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу үшін тікелей көзделген көлемде оларға мұнай беруді жүзеге асыратын жөнелтушіге;
2) өз өнімін немесе үлестес тұлғалардың өнімін тасымалдау үшін магистральдық құбырдың меншік иесіне не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлғаға;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімдерінің және (немесе) Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық келісімдер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін жөнелтушіге;
4) магистральдық құбыр салуды инвестициялау және (немесе) магистральдық құбырдың немесе оның жекелеген объектілерінің өткізу қуатын кеңейту үшін инвестициялар салынған сол магистральдық құбыр учаскесі немесе оның объектісі шегінде тартылған жөнелтушіге;
5) магистральдық құбырдың меншік иесімен не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлғамен жасалған шартқа сәйкес тасымалдау үшін міндетті ең төменгі жылдық көлем шегінде міндетті ең төменгі жылдық мұнай (мұнай өнімдері) көлемін ұсыну міндеттемесін өзіне алған жөнелтушіге;
6) мұнайды басқа мемлекеттердің құбыр жүйелерімен тасымалдау кезінде нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген мұнай сапасы жөніндегі техникалық талаптарға тасымалданатын мұнай қоспасын сәйкес келтіруге мүмкіндік беретін мұнай сапасы мұнайды тасымалдау үшін ұсынатын жөнелтушіге мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсыну жүзеге асырылады.
3. Осы баптың 2-тармағы 2) тармақшасының күші ұлттық операторға меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиесілі магистральдық құбырға қолданылмайды.
4. Осы баптың 2-тармағының 4) тармақшасы жасалған шарт талаптарына сәйкес магистральдық құбырдың меншік иесі инвестицияларды толық өтегенге дейін қолданылады.
5. Бір магистральдық құбырдың (магистральдық құбыр учаскесінің) өткізу қуаты бар болған және екінші магистральдық құбырдың (магистральдық құбыр учаскесінің) еркін өткізу қуаты болмаған кезде, мұнайды Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына, сондай-ақ газды Қазақстан Республикасының ішкі нарығына және (немесе) оның шегінен тысқары жерлерге беруді қамтамасыз ету мақсатында жөнелтуші магистральдық құбырдың меншік иесінің не магистральдық құбырға өзге де заңды негізде иелік ететін тұлғаның және уәкілетті органның жазбаша келісімімен айырбастау-операцияларын (своп) жүзеге асыруы мүмкін.
Осы тармақтың мақсаты үшін айырбастау-операциялары (своп) деп бір жөнелтушінің өнімін екінші жөнелтушінің өніміне олардың арасында жасалған жазбаша келісім негізінде жүзеге асырылатын айырбастау түсініледі.
6. Магистральдық газ құбырының еркін өткізу қуаты болмаған кезде газды ол арқылы тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсыну Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2016 № 34-VI (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
25-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 27.12.2017 № 126-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Лучшие юристы





Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем
Егер эокологиялық зонада 10жылдан артық тұрып , басқа қалаға мысалға Астана қаласына көшіп кетіп сол жердегі жұмыс орнына “экологиялық зонада 10жылдан артық тұрғаны “ туралы справкамен барсаң олар маған экологиялық компенсация төлейді ма. Білемін не обязаны они бірақта РК заңда 10жылдан артық тұрып кеткен адамдарға экологический қосылуға болады делінген. Оны цон-ға барып орган социальный защитыға барып шешуге болады ма. Әлде төлемейді ма ол заңды дұрыс түсінбедік пе?
Как оплачиваются замена воспитателей во время отпуска
Читать еще раз
Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 15-бап. Бағалаушының міндеттері Ғарыш қызметi туралы 35-бап. "Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы" (Летчик-космонавт Казахстана) құрметті атағына ие болған ғарышкерлерді материалдық қамтамасыз ету Мемлекеттiк мүлiк туралы 34-бап. Жеке меншiктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне мемлекеттік меншік құқығына ие болуРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей