Ст. 30 Масс-медиа туралы от 19 июня 2024 года № 93-VIII ЗРК
О масс-медиа
30-бап. Қазақстан Республикасындағы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң қызметi
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi өзі белгілеген тәртіппен шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдiктерiн және олардың журналистерiн аккредиттеуді жүргiзедi. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкілдіктерінің және олардың журналистерінің тізілімін жүргізеді.
2. Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік журналистердің және басқа да шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң құқықтық жағдайы мен кәсiби қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен реттеледi.
3. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралының Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетін және Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзатын ақпаратты қамтитын өнімі Қазақстан Республикасының аумағында оның таралуы тоқтатыла тұрып не тоқтатылып, сот тәртібімен заңсыз деп танылуға, ал интернет-ресурстар болып табылатын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары үшін Қазақстан Республикасының аумағында аталған интернет-ресурстарға қолжетімділікті тоқтата тұруға жатады.
4. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының және шетелдік журналистердің тиісті аккредиттеусіз кәсіби журналистік қызметпен айналысуына тыйым салынады.
5. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктерін және олардың журналистерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аккредиттеуден бас тартуға құқылы.
6. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдіктері мен журналистерін аккредиттеуден бас тарту, оны тоқтата тұру және кері қайтарып алу Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте! Разьясните пожалуйста статью 1067 ГК РК наследование по праву представления. Супруг умер в 2017 году,в наследование вступили дети,его мама и я. А по статье 1067 могут ли несовершенолетние дети вступить в наследование от бабушки, можно ли определить долю наследования.
Возьми справку с курсов, где указано время курсов, и пусть родители напишут заявление в школу, чтобы ты приходил(-а) в школу к 14:30, в связи со кончаемым курсов в 13:хх и можешь после не ходить на 0 урок.
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей