Ст. 37 Масс-медиа туралы от 19 июня 2024 года № 93-VIII ЗРК
О масс-медиа
37-бап. Міндетті хабарлар
1. Белгілі бір аумақта халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары өз құзыреті шеңберінде және (немесе) жергілікті атқарушы органдар оқиға басталған кезден бастап үш сағаттан кешіктірмей, уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарына ағымдағы ахуал туралы ресми хабарлар беруге міндетті. Ресми хабарларды бермегені немесе уақтылы бермегені үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялары өтеусіз негізде мыналарды:
1) заңды күшіне енген сот шешімін, егер онда осы сот процесі бойынша жауапкер болып табылған бұқаралық ақпарат құралында жауапты немесе теріске шығаруды жариялау туралы талап қамтылатын болса;
2) "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес төтенше жағдайды енгізу туралы ресми хабарларды;
3) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабында көзделген уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарларын;
4) "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағында көзделген уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарларын;
5) осы баптың 1-тармағында көзделген уәкілетті мемлекеттік органдардың ресми хабарларын жариялауға міндетті.
3. Міндетті хабарларды:
1) эфирге күн сайын шығатын теле-, радиоарналар – бір тәулік ішінде;
2) жарыққа (эфирге) шығу кезеңділігі немесе уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдары – осындай жарияланымдар үшін уәкілетті мемлекеттік органдар не сот белгілеген мерзімде жариялайды.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте! Разьясните пожалуйста статью 1067 ГК РК наследование по праву представления. Супруг умер в 2017 году,в наследование вступили дети,его мама и я. А по статье 1067 могут ли несовершенолетние дети вступить в наследование от бабушки, можно ли определить долю наследования.
Возьми справку с курсов, где указано время курсов, и пусть родители напишут заявление в школу, чтобы ты приходил(-а) в школу к 14:30, в связи со кончаемым курсов в 13:хх и можешь после не ходить на 0 урок.
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей