Ст. 38 Масс-медиа туралы от 19 июня 2024 года № 93-VIII ЗРК
О масс-медиа
38-бап. Теріске шығару немесе жауап беру құқығы
1. Азамат немесе заңды тұлға бұқаралық ақпарат құралдарынан осы бұқаралық ақпарат құралында таратылған, шындыққа сай келмейтін және оның ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығаруды талап етуге құқылы. Мұндай құқыққа азаматтың немесе заңды тұлғаның өкілдері де ие болады. Азамат немесе заңды тұлға теріске шығаруға жүгінген жағдайда бұқаралық ақпарат құралында таратылған мәліметтердің шындыққа сай келетіні жөнінде дәлелдемелері болмаған осы бұқаралық ақпарат құралының редакциясы оларды нақ сол бұқаралық ақпарат құралында теріске шығаруға міндетті.
Осы бапта көрсетілген құқықтардың бұзылуына байланысты бұқаралық ақпарат құралдарына қойылатын талаптар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімі осындай мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап бір жылды құрайды.
2. Теріске шығару туралы талап шындыққа сай келмейтін мәліметтер осы бұқаралық ақпарат құралында олардың таратылған уақыты мен тәсілі көрсетіле отырып, жазбаша ресімделуге тиіс.
Мерзімді баспасөз басылымдарында теріске шығару теріске шығарылатын хабар немесе материал орналастырылған жерде нақ сол қаріппен жариялануға және "Теріске шығару" тақырыбымен орналастырылуға тиіс.
Телевизия және радио арқылы теріске шығару теріске шығарылатын хабар немесе материал сияқты нақ сол тәулік уақытында және нақ сол теле-, радиобағдарламада, ал көрсетілген теле-, радиобағдарлама жабылып қалған жағдайда оған сәйкес келетін тақырыптық бағыттағы өзге теле-, радиобағдарламада берілуге тиіс.
Интернет-басылымдарда теріске шығару теріске шығарылатын хабар немесе материал жарияланған бөлімде нақ сол қаріппен және "Теріске шығару" тақырыбымен жариялануға тиіс.
Теріске шығарудың көлемі теріске шығарылатын хабардың немесе материалдың көлемінен екі және одан да көп есе аспауы керек.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарында құқықтарына немесе заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін өзіне қатысты мәліметтер жарияланған азаматтың немесе заңды тұлғаның нақ сол бұқаралық ақпарат құралдарында өз жауабын тегін жариялауға құқығы бар.
Мерзімді баспасөз басылымдарында жауап теріске шығарылатын хабар немесе материал орналастырылған жерде нақ сол қаріппен жариялануға және "Жауап" тақырыбымен орналастырылуға тиіс.
Телевизия және радио арқылы жауап теріске шығарылатын хабар немесе материал сияқты нақ сол тәулік уақытында және нақ сол теле-, радиобағдарламада, ал көрсетілген теле-, радиобағдарлама жабылып қалған жағдайда оған сәйкес келетін тақырыптық бағыттағы өзге теле-, радиобағдарламада берілуге тиіс.
Интернет-басылымдарда жауап теріске шығарылған хабар немесе материал жарияланған бөлімде нақ сол қаріппен және "Жауап" тақырыбымен жариялануға тиіс.
Жауаптың көлемі теріске шығарылатын хабардың немесе материалдың көлемінен екі және одан да көп есе аспауы керек.
Азаматтың немесе заңды тұлғаның не олардың өкілдерінің жауабы:
жарыққа (эфирге) күн сайын шығатын бұқаралық ақпарат құралдарында – азаматтан немесе заңды тұлғадан не олардың өкілдерінен жауап беруге құқық беру туралы талап алынған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде;
жарыққа (эфирге) шығу кезеңділігі не уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдарында – жуық арада жоспарланатын шығарылымда жарияланады немесе беріледі.
Бұқаралық ақпарат құралы, егер азаматтың немесе заңды тұлғаның не олардың өкілдерінің жауабында таратылуына Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе жеке және (немесе) заңды тұлғалардың немесе мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін өзгеше түрде бұзатын ақпарат қамтылса, жауапты жариялаудан бас тартуға құқылы.
4. Азаматтың немесе заңды тұлғаның бұқаралық ақпарат құралында терiске шығаруды не жауапты жариялау туралы талабы, егер бұқаралық ақпарат құралы мұндай жарияланымнан бас тартқан не бiр айдың iшiнде теріске шығаруды немесе жауапты жарияламаған жағдайда, сондай-ақ осы бұқаралық ақпарат құралы таратылған жағдайда, сотта қаралады.
5. Заңды күшіне енген сот шешімін орындау үшін таратылатын теріске шығару не жауап:
1) жарыққа (эфирге) аптасына кемінде бір рет шығатын бұқаралық ақпарат құралдарында – егер өтініш беруші өзгеше белгілемесе, теріске шығару туралы талап алынған күннен бастап екі тәулік ішінде;
2) жарыққа (эфирге) шығару кезеңділігі не уақыты өзгеше бұқаралық ақпарат құралдарында – егер өтініш беруші өзгеше белгілемесе, жуық арада жоспарланатын шығарылымда жарияланады.
6. Өзіне қатысты шындыққа сай келмейтін және ар-намысына, қадiр-қасиетiне және iскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн мәлiметтер таратылған азамат мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен қатар олардың таратылуынан келтiрiлген залалды және моральдық зиянды өтеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен талап етуге құқылы.
Өзіне қатысты іскерлiк беделіне нұқсан келтiретiн мәлiметтер таратылған заңды тұлға мұндай мәлiметтердi терiске шығарумен қатар олардың таратылуынан келтiрiлген залалды өтеуді Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен талап етуге құқылы.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте! Разьясните пожалуйста статью 1067 ГК РК наследование по праву представления. Супруг умер в 2017 году,в наследование вступили дети,его мама и я. А по статье 1067 могут ли несовершенолетние дети вступить в наследование от бабушки, можно ли определить долю наследования.
Возьми справку с курсов, где указано время курсов, и пусть родители напишут заявление в школу, чтобы ты приходил(-а) в школу к 14:30, в связи со кончаемым курсов в 13:хх и можешь после не ходить на 0 урок.
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей