Ст. 40 Масс-медиа туралы от 19 июня 2024 года № 93-VIII ЗРК
О масс-медиа
40-бап. Масс-медиада балаға қатысты кибербуллинг фактілерін қарау мәселелері бойынша өтініштер
1. Балаға қатысты кибербуллинг фактілері анықталған жағдайда азамат не баланың заңды өкілі құқыққа қайшы әрекеттер орын алған масс-медианың атауын көрсете отырып, балаға қатысты жасалып жатқан кибербуллинг фактілері туралы өтінішпен уәкілетті органға жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында жүгінуге құқылы. Жазбаша түрде немесе электрондық құжат нысанында берілген өтініштер қол қойылып жіберіледі және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады.
Балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті сараптама тобы ол келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.
Сараптама тобын құру, сондай-ақ балаға қатысты кибербуллинг фактілері бойынша өтінішті қарау тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Жауап мемлекеттік тілде немесе жүгіну тілінде ұсынылады.
Сұратылатын ақпарат бірнеше ақпарат иеленушінің құзыретіне кіретін және өтінішке жауап беру кезінде өзге ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, уәкілетті орган қарау мерзімін күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартуы мүмкін, ал өтініш берушіге қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабар беріледі.
2. Егер өтініш мазмұнында балаға қатысты кибербуллинг фактілері жасалып жатқан масс-медиа көрсетілмесе, өтінішті қараудан бас тартылады.
3. Кибербуллинг фактілері бойынша азаматтың не баланың заңды өкілінің өтінішіне жауап ұсынбағаны немесе уақтылы ұсынбағаны үшін уәкілетті органның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Өтінішті қараудан бас тартуға азамат не баланың заңды өкілі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.
Ескертпе. Осы баптың мақсатында кибербуллинг деп масс-медиа пайдаланыла отырып жасалған, балаға қатысты қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан да көп) әрекеттер, баланы қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер түсініледі.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Здравствуйте! Разьясните пожалуйста статью 1067 ГК РК наследование по праву представления. Супруг умер в 2017 году,в наследование вступили дети,его мама и я. А по статье 1067 могут ли несовершенолетние дети вступить в наследование от бабушки, можно ли определить долю наследования.
Возьми справку с курсов, где указано время курсов, и пусть родители напишут заявление в школу, чтобы ты приходил(-а) в школу к 14:30, в связи со кончаемым курсов в 13:хх и можешь после не ходить на 0 урок.
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные
Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей