Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 45 Масс-медиа туралы от 19 июня 2024 года № 93-VIII ЗРК


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

О масс-медиа
45-бап. Телерадио хабарларын тарату операторлары

1. Телерадио хабарларын тарату операторлары телекоммуникация желілерінде: 

1) теле-, радиоарналар топтамаларын трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау; 

2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес телерадиокомпаниялармен жасалған шарттардың негізінде теле-, радиоарналарды трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау; 

3) егер телерадио хабарларын тарату операторлары мен телерадиокомпаниялар арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, теле-, радиоарналарды теле-, радиобағдарламаларының мазмұнын өзгертпей ретрансляциялау арқылы теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады. 

Осы тармақшаның ережесі осы Заңның 58-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларға қолданылмайды; 

4) осы Заңның 22-бабына сәйкес есепке қою рәсімінен өткен шетелдік теле-, радиоарналарды телерадио хабарларын тарату операторы мен шетелдік телерадиокомпания немесе Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен тіркелген шетелдік заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі) арасында жасалған шарттардың негізінде трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау; 

5) міндетті теле-, радиоарналарды, еркін және шартты қолжетімді теле-, радиоарналарды трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау арқылы теле-, радиоарналарды тарату жөніндегі қызметті жүзеге асырады. 

Телерадио хабарларын тарату операторлары телекоммуникация желілерінде телегазет тарату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға құқылы. 

2. Телерадио хабарларын тарату операторлары: 

"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген сәйкестік сертификаттары бар техникалық құралдарды теле-, радиоарналарды тарату үшін пайдалануға; 

трансляциялауды және (немесе) ретрансляциялауды телерадио хабарларын таратудың техникалық пайдалану қағидаларына және телерадио хабарларын таратудың ұлттық стандарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асыруға; 

цифрлық форматта сигнал алу және контентті жеткізудің цифрлық технологияларын пайдалану кезінде цифрлық телерадио хабарларын тарату стандарттарына сәйкес бағдарламалық лек жылдамдығымен цифрлық форматта өзі пайдаланатын барлық желідегі теле-, радиоарналар сигналдарын трансляциялауды қамтамасыз етуге; 

телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлеріне сәйкес отандық теле-, радиоарналарды трансляциялауды және (немесе) ретрансляциялауды жүзеге асыруға міндетті.

Статья 1 ...43 44 45 46 47 ...70

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться