Ст. 29 Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы 2005 жылғы 30 мамырдағы N 54
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
29-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ұсыныстар
1. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшін жою халықаралық шарттардың өздерінде көрсетілген талаптарға, халықаралық құқық нормаларына және осы Заңның ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсе отырып, өз құзыретiндегi мәселелер бойынша:
1) Қазақстан Республикасы атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшiн жою туралы - Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар;
2) Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшiн жою туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар жасайды.
3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе күшiн жою туралы ұсыныстар жасайды.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшiн жою туралы осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көрсетілген ұсыныстарды қарайды және:
1) Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзедi;
2) Қазақстан Республикасының Парламентiне Қазақстан Республикасының Президентiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының атынан жасалған, ратификацияланған халықаралық шарттардың күшiн жою туралы ұсыныстар енгізедi;
3) Қазақстан Республикасының Парламентiне Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан жасалған, ратификацияланған халықаралық шарттардың күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзедi.
5. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өз құзыретінің мәселелері бойынша өздерінің атынан жасалған, Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдарымен және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісілген халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне табыс етеді.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе күшін жою туралы ұсыныстарды қарайды және олар бойынша қолданысын тоқтата тұрудың немесе күшін жоюдың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытындылар береді.
Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.07.15 N 335-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы 31-бап. ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 954-бап. Негiзсiз байлықты қайтару туралы талаптардың азаматтық құқықтарды қорғау туралы басқа талаптармен арақатынасы ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1089-бап. Өзара түсiнiстiк Арнайы экономикалық аймақтар туралы Мемлекеттiк құпиялар туралы 19-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының, мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мәлімет көздерінің құпияландырылуына байланысты оларға меншік құқығыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей