Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 15 Халықтың көшi-қоны туралы 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 07.12.2024

Халықтың көшi-қоны туралы
15-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары: 

1) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады; 

2) қандастар мен көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық көмек алуын қамтамасыз етедi; 

3) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті аумақтарды қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгізеді; 

3-1) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға өңірлік квоталарын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді; 

4) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi; 

5) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады; 

6) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

6-1) этникалық қазақтардан қандас мәртебесін беруге немесе ұзартуға өтінішті қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды; 

6-2) этникалық қазақтардан қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды; 

6-3) қандас мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдайды; 

6-4) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды; 

6-5) алып тасталды - ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

6-6) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды; 

6-7) Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияны құрады және оның қызметін ұйымдастырады; 

6-8) қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсетеді; 

6-9) "Ата жолы" картасын беру туралы шешім қабылдайды; 

6-10) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екені туралы шешім қабылдайды;  

6-11) жеке басын куәландыратын құжаттарда, сондай-ақ үміткерлердің ұлтын растайтын басқа да құжаттарда тиісті жазба болмаған жағдайда, қандас мәртебесін және жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға үміткер адамдардың ұлты қазақ екені жөніндегі мәселелерді қарау үшін комиссия құрады; 

7) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

8) қандас куәлігін береді; 

9) қандастарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады және олардың қызметін ұйымдастырады; 

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшiп-қонушылардың балаларының бiлiм алу құқығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды; 

11) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегiнде, өз аумағы және (немесе) басқа да әкiмшiлiк-аумақтық бірліктер шегінде не квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттарды бередi немесе ұзартады, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады; 

11-1) шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама береді; 

12) алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі). 

13) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-көшiп келушiлердің уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға өтінішхат бередi; 

13-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қарайды және куәландырады; 

14) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 

2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары: 

1) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады; 

2) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын қандастарға жұмысқа орналасуға, кәсiптiк даярлықтан өтуге, қайта даярлаудан өтуге және бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдем көрсетедi; 

3) көшiп-қонушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк мекемелерден орын бередi; 

4) қандастарға қазақ тiлiн және өздерiнiң қалауы бойынша орыс тiлiн үйрену үшiн жағдай жасайды; 

4-1) отбасын біріктіру мақсатында Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына қоныстану үшін шақыруларын қабылдайды және бұл шақыруларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жібереді; 

4-2) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар береді, оларды ұзартады және кері қайтарып алады; 

4-3) жұмыс беруші мен еңбекші көшіп келуші арасындағы еңбек шарттарын тіркеуді жүзеге асырады; 

5) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

3. Алып тасталды - ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда - ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді - ҚР 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 16.05.2024 № 82-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. ТАРИХИ ОТАНЫНА ОРАЛУ МАҚСАТЫНДА КӨШІП КЕЛУ

Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...63

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться